menu
Жабу

Мемлекеттің қолдауымен Семейде «MaxFit» спорт кешені ашылды

Жаңалықтар
11.05.2020

Семейлік Тамара Ерферьевна Крецова 2012 жылдың тамыз айынан бері кәсіпкер. Бастапқыда теміржол вагондарынан көмір түсіріп, оны тұтынушыларға жеткізіп берумен айналысты.

Уақыт өте келе, қаражаттың басы құралып, «тағы қай салаға қаржы салам» деген ой келгенде жастар арасында салауатты өмір салтына бет бұрғандар саны артып келе жатқанын байқады. 2015 жылы Тамара Ерферьевна күйеу баласы Мамаев Вадим Владимировичпен бірге Семей қаласында спорт кешенін салуға бел буып, жиналған ақшасына жер телімін сатып алды.

IMG-20200504-WA0027.jpg

2019 жылдың наурыз айында Тамара Ерферьевна «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде осы спорт кешенінің құрылысына алынған 91 млн. теңгені әрі қарай субсидиялау үшін қайта қаржыландыруға өтінім берді.

Мемлекеттің қолдауының арқасында қазір Семейде «MaxFit» атты үш қабатты кешен ашылды. Онда жаттығу залы мен ересектерге арналған бассейн жұмыс істейді. Кешен инфрақұрылымына қажетті барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда: санитарлық тораптар, киім шешетін бөлмелер, себезгі, сауна бар. Тренажер залы мен бассейн, аквааэробика және т.б. топтарда білікті жаттықтырушылар, қызмет көрсетеді. Бір реттік және айлық абонементтер енгізілген. Тамара Ерферьевна мемлекеттің қолдауымен бұл қызметін одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

IMG-20200504-WA0028.jpg

Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Ильяшев к-сі, 143 А Instagram: @maxfitsemei