info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Табысты бизнесті шығынсыз бастау

Жаңалықтар
12.05.2020

Абилов Меңдіхан Артурұлы – үнемі ізденісте жүретін жас кәсіпкер. Сондай тынымсыз тірлігінің нәтижесінде металдан әртүрлі бұйымдар жасауды қолға алды.

Бұл идеяны оны қатты қызықтырды. Нарықта сұраныс та тұрақты. Себебі, кез келген құрылыста кем дегенде металдан бір нәрсе қажет. Металл бұйымдарына тек кеңселер мен кәсіпорындар ғана тапсырыс бермейді. Қазір қалалықтардың көбі пәтер немесе үйдің кіреберіс есігін металдан жасатады.

47a30d20-0fdf-4585-86a4-7448921eb8b0.JPG

Қалада жаңа ғимараттар мен жеке үйлер құрылысы қарқын алып келеді. Қазір тұтынушылар берік металл есікті жасауға ғана емес, оны безендіруге де тапсырыс береді. Әсіресе терезе торлары мен қақпаларды әсем етіп жасау белең алды.

Мендіхан металдан бұйымдар шығаратын жеке шеберхана ашпақ болған кезде «Даму» қорына мемлекеттен көрсетілетін қолдау түрлері туралы ақпарат алу үшін жүгінді. Қор мамандарының сүйемелдеуімен кәсіпкер «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 6%-дық несиеге қол жеткізді. Сондай-ақ, «Даму» Қоры банк алдында кепілдік берді.

Мекенжай: БҚО, Орал қаласы, Сарытау Ш/а, Қазанғап көшесі 2.

Тел.8-702-790-00-67

Instagram: @metall_decor_uralsk