2019 жылдың басында жаңадан іс бастаған кәсіпкер Марьям Мұхамеджан «GOLD САПА» ЖШС - нан-тоқаш өнімдерін пісіретін кәсіпорын ғимаратын жалға алды. Кәсіпорынға Германиядан Еуропа сапа стандарттары бойынша нан пісіретін жаңа жабдықтар сатып алып, зауыттың қызметкерлерін Алманияға оқуға жіберіп, арнайы маман дайындады. Бұл шаруалармен айналыса жүріп, кәсіпкер наубайхананы жекеменшікке сатып алу қамына кірісті.
Ол үшін Сбербанк АҚ ЕБ арқылы несие рәсімдеді. «Даму» Қоры «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау көрсетті. Яғни, аталған бағдарламаның «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау» атты І бағыты бойынша несие пайызын субсидиялады.
«Сбербанк арқылы біз қысқа мерзімде жеңіл несие алып, өз зауытымызға ие болдық. Болашақта нан-тоқаш өнімдерін сататын дүкен ашуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ зауыт жанынан кондитерлік өнімдер шығаратын жаңа бағытты да жүзеге асырғымыз келеді. Макарон өндірісін ашу да ойда бар. Қазір жабдық таңдаумен айналысудамын. Менің ойымша, бұл өнімге Алматы облысында да, Алматы қаласында да сұраныс жоғары. Болашақта бұл жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттен қолдау алуға болады деп үміттенемін» - дейді «Gold Сапа» ЖШС басшысы Марьям Мұхамеджан.
Шағын және орта бизнес - Қазақстан экономикасының қозғаушы күші. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы осындай жобаларды қолдай отырып, өңірде әлеуметтік маңызды кәсіпорындардың дамуы мен қалыптасуына үлес қосады.
Мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бұлақты ауылы, Зенков көшесі
Тел. 8 727 306- 16-95, 8 727 306-17-57
www.goldsapa.kz/