«Қазстрой-Экология» - қоршаған ортаны қорғауға үлес қосады

Жаңалықтар
13.05.2020

«Қазстрой-Экология» ЖШС - қоршаған ортаны сақтайтын геотехнологиялар шығарумен он жылдан бері айналысып келеді. Компания шығаратын Bentolock сауда маркасының материалдары әр түрлі ластаушы заттардың топыраққа және жер асты суларына енуінің алдын алатын сенімді сүзгі ретінде қолданылады. Бұл топырақтың, жер асты суларының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Геокомпозит Бентолок-Композит.png

Компания шығаратын маттар мұнай-газ өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібінде: мұнай сақтау қоймалары, жанар-жағар май материал ыдыстары, мұнай құю эстакадалары мен автожанармай құю станцияларының қызмет көрсету аймақтары, шлам сақтағыштар, сужинағыштар, мал өлігін көму, қатты тұрмыстық қалдық полигондары мен жол құрылысында қолданылады.

Георешетка Bentolock.png

Ғимараттардың жер асты бөліктерін бентонит негізінде заманауи композиттік материалдармен қорғаудың инновациялық технологиясы - іргетасты су мен сыздан қорғауға мүмкіндік береді. Bentolock-stroy маты бүгінгі күні іргетас плиталар мен қабырғаларды тік және көлденең гидрооқшаулауда қолданылатын ең тиімді материалдардың, бетондаудың технологиялық және конструкциялық жіктерінің, инженерлік коммуникациялардың өту жолдарының, жер асты паркингтерінің, тіреуіштердің, гараждардың, сауда орталықтары жанындағы автотұрақтардың, жер асты өтпелері мен жертөлелердің құрылысында қолданылады.

2019 жылдың басында компания пенопласт өндіру желісін сатып алып, іске қосты. Өндірістік құрал-жабдықтарды, орау материалдарын, паллет төсегіш, шанышқылы тиегіш, қойма жабдықтарын сатып алуға қаражат салынды.

2019 жылдың қараша айында компания жылу оқшаулағыш материалдар – пенопласт өндірісін кеңейту, сондай-ақ өнімнің ассортиментін, түрлерін кеңейту және қуаттылықты арттыру үшін өндірістік база сатып алмақ болды. Қосымша жабдықтар, шикізат, автотехника және жиһаз сатып алуды жоспарлады.

Осы жобаныны қаржыландыру үшін компания басшылығы АҚ ЕБ «Альфа Банк» арқылы 15%-бен несие алды. «Даму» Қоры «Қарапайым заттар экономикасы» бардарламасы аясында 9%-ын субсидиялады. Енді несиені компания 6%-бен өтейді.

Компанияның миссиясы — табиғатты үнемдейтін геотехнологиялар саласында жаңа материалдарды жасау арқылы қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ отандық және шетелдік өндіріс материалдарын қолдана отырып, жер асты гидрооқшаулауда әлемдік жаңа құрылыс әдістемелерін ілгерілету.

Мекенжай: Алматы қ. Желтоқсан 118, 429 каб

тел .: +7 (727) 2 668 235; +7 (727) 9 717 242;

моб: +7 (708) 9 717 242

веб-сайт: www.ksek.kz

e-mail: info@ksek.kz