menu
Жабу

Тазалыққа үлес қосатын бизнес

Жаңалықтар
14.05.2020

Игорь Отрошко 2013 жылы желтоқсанда жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Қала тазалығын сақтау қызметін 2014 жылы, Зил және қоқыс тасығыш көлік сатып алған кезден бастады. Жеке кәсіпкер негізінен Көкшетау қаласының тұрғындары мен заңды тұлғаларына ассенизаторлық, қоқыс шығару және кір жуу қызметтерін көрсетеді. 2017 жылы Игорь бір Камаз бен тағы бір қоқыс таситын көлік сатып алды. 5 жүргізуші мен 2 механик жұмыспен қамтылды.

ИП Отрошко фото 7.jpg

«Отрошко И. А.» ЖК 2019 жылы қар күреп, жинайтын трактор мен ассенизатор камаз сатып алу үшін «First Heartland Jýsan Bank» АҚ арқылы 14,25%-бен 7 жылға 12 млн теңге несие алды. Мемлекет «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында пайызын субсидиялап, «Даму» қоры 3 600 000 теңгеге кепілдік берді.

Қазір мемлекеттің қолдауымен Игорь жобасын техника сатып алып, жаңа идеяларын жүзеге асыру үшін тағы банкке жүгінді. Кәсіпкердің бәсекелестерінен артықшылығы - сапалы қызметы. Бағасы қалта көтерерлік. Бір жылдық шартқа қол қойған тұрақты клиенттері бар.