menu
Жабу

Ақтөбеде жаңа шаштараз ашылды

Жаңалықтар
18.05.2020


WhatsApp Image 2020-05-18 at 11.32.55.jpeg

Әдетте шаштараз, сұлулық салон иелерінің табыс тарихы өте ұқсас болып келеді. Бизнестің басты талаптарының бірі – кәсіптің қыр-сырын жақсы білу екені дәлелденген. Ендеше сұлулық салонын ашатын жанның осы істен хабары болғаны жөн. Ақтөбелік Кенжебаева Гүлназ Аманғалиқызы да бұл іске біртіндеп келді. Әсіресе жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен тұрақты клиенттері итермеледі.

«Мені клиенттер қаланың әр түкпірінен іздеп келеді. Шаштараз үшін ең жақсы жарнама - «ұзынқұлақ». Егер сіз жақсы шаштараз болып, шаш қиятын орын ашсаңыз, уақыт өте келе сіз жайлы жақсы сыбыс бүкіл қалаға, әсіресе әйелдер арасында тез таралады. Мұндай жарнама ең арзан, бірақ өте тиімді. Дегенмен бұған көп уақыт пен еңбек керек. Шаштараздың қызметі – үнемі сұраныста. Үлкен де кіші де алдымызға келеді. Бұл бизнесті ашуға кедергі аз, қаражат көп қажет емес», - дейді Гүлназ Аманғалиқызы.

Жобасын жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Еңбек» бағдарламасы аясында, Ақтөбе қаласындағы «Халық Банкі Қазақстан» АҚ филиалы арқылы жылына 6%-бен жеңіл несие алды.