info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Солтүстік Қазақстанда жаңа өндіріс ашылды

Жаңалықтар
19.05.2020

Биг-бэг – бұл құрылыс, химия, ауылшаруашылық және өнеркәсіптің т.б. әртүрлі салаларында, негізінен сусымалы жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын, арнайы тоқылмайтын матадан жасалған заманауи сенімді және жұмсақ қаптар.

Петропавл қаласында «SMBGroup Family» ЖШС биг-бэг шығаратын зауыт ашылды. Бастапқы кезеңде 1,5 тоннаға дейін жүк көтере алатын биг-бэгтер тігіледі. Өндірістік жұмыстарды толық игеріп болғаннан кейін, олар 100-150 тонна жүк көтеретін өте берік биг-бэгтерді тігуді жоспарлап отыр. Астық егетін аймақтың ерекшелігін ескерсек, бұл биг-бэгтерге сұраныс жоғары болатыны айқын. Компания басшылығы бүкіл Қазақстан нарығын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

14_2.jpg

Жақында кәсіпкер жіпті өздері шығаруға және одан полипропилен матасын жасауға мүмкіндік беретін жабдықтар алуды жоспарлап отыр. Қазір материал Ресейден әкелінеді, бөлшектер кесіліп, тігіледі.

Бұл жобаны жүзеге асыруға компания басшылары «Даму Өндіріс» бағдарламасы бойынша «АТФБанк» АҚ арқылы жеңіл несие алды. Қаражат жабдық сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды.