info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Жоғары сапалы жиһаз - жаңа технологияның жетістігі

Жаңалықтар
20.05.2020

«Mega Smart» ЖШС POLYGLOSS технологиясын қолдана отырып, жылтыр және бедерлі MDF панельдерін жасайды. Зауыт Оңтүстік Корея технологиясын қолдана отырып салынып, іске қосылды және дайын өнімді ТМД аумағына өткізеді. Сонымен қатар жиһаздар шығарады. Ең танымалы - MEGA ART брендімен жасалатын ас үй жиһаздары.

Фото 1.jpg

Компанияның басшысы - Шымкентте туып-өскен жас әрі табысты кәсіпкер Сергей Хегай. Кішкентай кезінен бастап ойыншық сатудан бастап, азық-түлік дүкенін ашуға дейін жеткен.

- «Студент кезімде мен серіктесіммен бірге бейнепрокат аштым. Адамдар жеке куәліктерімен ақша төлеп кіретін. Біз ең керемет блокбастерлерді ұсынатынбыз. Кейін видео жалға беру желісін құрдық. Кірісім көбейе бастады. Осы істе алғашқы милионымды таптым», - дейді Сергей.

Сонымен қатар, жиһаз дизайнері ретінде де қосымша жобалар жасап жүрді. Шағын шеберхана ашып, біртіндеп арнайы жабдықтармен толтыруға кірісті бастады. Нәтижесінде жиһаз өндіретін шеберхана пайда болды. 2007 жылы бірінші дүкенін ашқаннан кейін Сергей өз бизнесін кеңейте бастады, содан кейін Mega ART ас үй жиһаздары, сантехника, керамика, есіктер мен паркет салонын ашты.

Фото 10.jpg

Клиенттер көбейіп, жиһаз фабрикасын ашып, өндіріс ауқымы арта бастағанда ды бола бастаған кезде, Сергей өндірісті жан-жақты ету керектігін түсінді. 2016 жылы ламинатталған тақталар мен жоғары жылтыр акрил МДФ тақталарын өндіретін зауыт салды. Бұл шикізатқа тәуелділіктен арылуға, бағаны шарықтатпауға қолайлы еді. Клиенттер өнімнің сапасына баға бере бастағанда, ол сыртқы нарыққа шыға бастады. Қазір Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Беларуссияға тауар экспорттайды.

Фото 4.jpg

2017 жылы Сергей жылтыр МДФ тақталары мен жиһаз өндірісі негізінде қосымша ғимарат салу үшін жеңілдетілген несие керек болған кезде «Даму» қорына жүгінді. Іле-шала «ForteBank» АҚ арқылы 14%-бен несие рәсімдеді. Оның 7%-ын «Даму» қоры субсидияланды және несие сомасының 42%-ына кепілдік берді.
Бүгінгі таңда «Mega Smart» ЖШС жиһаз индустриясындағы жетекші компания. Ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізетін, соның негізінде жаңа өнім шығаратын, дамытатын, отандық өндіруші.

Тел: 8-777-105-00-44

Сайт: www.ideasmart.kz www.kuhni-megaart.kz

Instagram: @megaart_kuhni

e-mail: sales@megasmart.kz

«Даму» қоры. Біздің қолдауымыз - Сіздің дамуыңыз!