Қарақиялық кәсіпкер 1%-дық несие алып, мал басын көбейтті

Жаңалықтар
21.05.2020

Маңғыстау облысы Қарақия ауданында тұратын Наурызмағанбетовтер отбасы ата кәсіпті таңдап, табысын мал шаруашылығынан тауып отырған жандар. Отағасы Қалпақ Наурызмағанбетов ақсақал төрт түліктің сырын жақсы білетін кәсіпкер болса, жұбайы Шархат апа – он саусағынан өнер төгілген ісмер жан. Ауылдастары оларды ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді құрметтейтін отбасы деп біледі және жақсы көреді. Отағасы әсіресе немерелерінің баба дәстүрінен қол үзбеуін қатты қадағалайды. Мысалы, 16 жастағы немересі Мейрам ат құлағында ойнайды.

IMG_6454-19-05-20-03-56.JPG

Қалпақ Наурызмағанбетов еңбек жолын механик-жүргізушіліктен бастап, бас инженер, партия комитетінің хатшысы және совхоз директорына дейін көтерілген. 2004 жылдан бастап Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы «Сенек» мал шаруашылығы компаниясының иесі. Аты айтып тұрғандай, мал өсірумен айналысады. Жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтып отыр. Біраз адам фермада жұмыс істейді, басқалары жүн өңдеумен айналысады.

Мал өсіру үшін оны сатып алу керек екені көпке мәлім. Ірі қара мал сатып алу керек болған кезде Қалпақ Наурызмағанбетов «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы, аймақтық «Нұр-Капитал» бағдарламасы аясында, 60 ай мерзімге, жылына 8,5%-бен несие алды. Бағдарлама талабы бойынша оның 7,5%-ын жергілікті бюджет субсидиялайды. Осының арқасында кәсіпкер несиені жылына 1%-бен ғана өтейді. Сондай-ақ кепілзат жетіспеуіне байланысты «Даму» Қоры несие сомасының 45%-ына кепілдік берді
Мекенжайы: Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құланды ауылы.