Елена Руди ІІ топ мүгедегі. Ол бірнеше жылдан бері Павлодар қаласының қәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының тұрақты клиенті болып табылады.
Өткен жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, шағын бизнес ашты. Енді Елена шағын бутикті жалға алып балалардың тоқыма киімдері, бас киімдер және өзі жасаған басқа да өнімдерін сатады. Жақында кәсіпкер www.damu-komek.kz сайтында өтінім беріп, көп ұзамай демеушілік көмек алды.
«Мен Даму Қорының ұзақ уақыттан бергі тұтынушысымын. Мұнда оқудан өттім. Сондай-ақ «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша тоқыма жіптерін көмек ретінде алдым. Осындай қолдауы үшін «Даму» Қорына рахмет»,-деді Елена Руди.