Сүйінші хабар

Жаңалықтар
29.08.2017

Павлодар қаласында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша алғашқы несие берілді.

«Нұрбанк» АҚ Павлодар филиалы республика бойынша көш бастады. «Нұрбанк» - аталған бағдарламаға қатысып, шағын кәсіпкерлікті несиелендіру үшін 2 млрд теңге алған алғашқы банк. Бағдарлама бойынша несие 8000 АЕК дейін, 6 пайызбен, 60 айға, салалық шектеусіз беріледі.

Несие жүк тасымалы, көлік пен құралды жалға берумен айналысатын « BarnPV » компаниясына берілді. «Бизнесте өз күшіңе сену керек. Дегенмен, мемлекет тарапынан пайызы аз несие түрінде берілетін көмек - кәсіпкерлер үшін өте маңызды», - дейді компания жетекшісі Павел Николаевич.

Кәсіпкердің айтуынша, несие рәсімдеу ұзаққа созылмаған. 10 күн ішінде құжат жинап, бір апта банктің шешімін күткен ол 28 тамыз күні қаржыға қол жеткізген.

Бұған дейін Бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша ЦентрКредитБанк, Сбербанк Қазақстан, АТФБанк, Qazkom, HalykBank қаржы алған болатын.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша тағы қандай жобалар қаржыландырылғанын алғанын жақында хабарлаймыз. Біздің жаңалықтарымызды қарап жүріңіздер. # БұқаралықКәсіпкерлікКүнделігі #.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы мен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған басқа да бағдарламалар бойынша толығырақ кеңес алу үшін өз қалаңыздағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына барып немесе 1408 нөміріне хабарласуға болады. ( Қазақстан бойынша тегін ).