Жылатпай тіс жұлатын дәрігер

Жаңалықтар
17.06.2020

2020 жылдың мамыр айында Көкшетау қаласында «Dent Smile» атты алғашқы балалар стоматологиялық клиникасы ашылды. Жобаны «М. GES» ЖШС иесі, балалар стоматологы Ғалия Ескендірова - жас кәсіпкер. Нұр-Сұлтан қаласында оқып, 7 жыл жұмыс істеген. 2019 жылы ол туған қаласына оралып, ісін ашуға бел буды.

Клиниканың ғимаратын «Көкшетау-бизнес» аймақтық бағдарламасы аясында несие қаражатына сатып алды. Бұл – «Даму» Қоры мен Көкшетау қаласы әкімдігінің бірлескен бағдарламасы 2019 жылы іске қосылған. Осы бағдарлама аясында «М. GES» ЖШС «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 35 млн теңгені жылына 8,5%-бен 7 жылға алды. Жабдықтарға қаржы қажет болған кезде кәсіпкер «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкінен» 6%-бен 16 млн теңге алды.

«Dent Smile» - бұл Көкшетау қаласындағы алғашқы жекеменшік балалар стоматологиялық клиникасы. Мұнда тіс жегісі, пульпит, периодонтиттен емдеп, сүт тістерін жұлу, тіс протездеу, ортодонтикалық емдеу, терең ұйқыда (севоран газы) емдеу ұсынылады. АҚШ, Корея, Жапония, Беларусь өндірісінің материалдарымен жыбдықталған. Барлық емдеу процесі рентген диагностикасы арқылы (визиография) бақыланады. Кішкентай пациенттер үшін ойын аумағы қарастырылған, қабырғалар көңілді суреттермен безендіріліп, білікті медицина қызметкерлер іріктелген. Клиникада бес кабинет бар, олардың барлығы техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған.

«Dent Smile» мекенжайы: Көкшетау. Ақан сері көшесі 51.

тел. +7 775 940 614

@dent_smile303