menu
Жабу

«Окуньки» - ШҚО туризмін дамытуға үлес қосуда

Жаңалықтар
18.06.2020

Шығыс Қазақстан - туристік әлеуеті жоғары аймақ. Кең дала, әдемі ландшафт, түрлі климаттық белдеулер, баға жетпес мәдени және тарихи ескерткіштер, туристік қызметтердің мол түрі келушілерді қызықтырады.

Кәсіпкер Ибраев Ринат Ермекұлы жұбайы Назым Сейітқазинамен бірлесіп Шығыс Қазақстанда демалыс орнын ашып, туризмді дамытуға шешім қабылдаған.

«Окуньки» кемпинг-отелі Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Окуньки көлінің көрікті жерінде орналасқан. Окунки немесе Дубигалинское көлі Өскемен қаласының жанында жарқырап жатыр.

Туристік базада жергілікті люкс нөмірлерден тұратын оқшауланған 30, 2, 3 және 5 кешен бар. Бөлме толық жабдықталған. Бағасы келу күні мен тамақ түріне байланысты. 5-10 жастағы балаларға 20% жеңілдік, 5 жасқа дейінгі балалар тегін. Дәмханада күніне 3 рет тамақ беріледі. Дүкен мен монша да бар.

Демалыс маусымы орта есеппен 5-6 айға созылады.

Осы жобаны жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 60 ай мерзімге, жылына 15,5% мөлшерлемемен 20 миллион теңге несие алды. Оның 10%-ын «Даму» Қоры субсидиялап, несиенің 85 пайызына немесе 17 млн теңгеге кепіл болды.

Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Дубыгалинское көлінің жағасы, тел. +7 705 135 87 29.

Instagram: kempingotelokunki