Ұн тарту – отандық агроөнеркәсіп кешеніндегі ең ірі салалардың бірі. Тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстан егін егіп, астық өңдеу өнеркәсібін белсенді дамыта бастады. Соңғы 10 жылда елде ұн өндіру көлемі 2 еседен астам, ал ұн экспорты көлемі 13 есе өсті. Соңғы жылдары Қазақстан ұн экспорты бойынша әлемде жетекші орында тұр.
Осындай экспортқа өнім шығарып отырған компаниялардың бірі – «Атамекен Компани» ЖШС диірмен кешені. 2017 жылдан бастап Қарағанды қаласында ұн шығарып келеді.
«Біздің кәсіпорын «Аdem» «Шаңырақ» брендімен жоғары және бірінші сұрыпты жоғары сапалы ұн, «Сәт» брендімен «әлеуметтік» ұн шығарады. Қазақстан аумағымен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан елдеріне де тек жақсы шикізаттан жасалған ұн жеткіземіз. Біздің ұннан кез-келген тағам түрін жасай беруге болады. Ендеше болашақта макарон өнімдерін шығаратын жаңа өндірісті іске қосу жоспарланып отыр» - дейді кәсіпорын директоры Дамир Әлімқұлов.
2018 жылы компания айналым қаражатын толықтыруға «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша 6%-дық жеңіл несие рәсімдеді.
Мекенжайы: Қарағанды қ., Набережная к., 11 үй
Байланыс телефоны: 8 (7212) 93-24-77
E-mail: atameken_company@mail.ru
Сайт: www. a-com.kz/