info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Intrade Group» - автокөлік майларын жеткізуші ресми дилер

Жаңалықтар
23.07.2020

«Intrade Group» компаниясы 2018 жылдан бастап автомобильдерге синтетикалық май, мотор майларының барлық түрін жеткізіп келеді. SHELL, Total және Lukoil материалдарының ресми дилері.

Компания жетекшісі Мариям Акенова сәуір айында карантин енгізілгеннен кейін «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ыңғайлы өзгерістер енгізілгенін біліп, қатысуға шешім қабылдады. Мариям маусым айында «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 14,5%-бен несие алды. Оның 8,5%-ын «Даму» Қоры аталған бағдарлама аясында субсидиялады. Қалған 6%-ын кәсіпкер өтейді. Кепілзаттың жетіспеуіне байланысты Қор кепілдік те берді.

Бүгінгі таңда заманауи жабдықталған және білікті ұжымның арқасында компания жоғары сапалы қызметтер ұсынады. Атап айтқанда жанармай тарататын түтікті қайта қалпына келтірудегі барлық жұмыстарды жасайды.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Қайрат ш/а, 46/5

Телефон: +77273443238

Эл. пошта: intradegroup@igqaz.com

Веб-сайт: intradegroupkz.com