Азық-түлік – әрдайым сұранысқа ие тауар. Тіпті дағдарыс кезеңінде бұл бизнестің басын бұл шалмайтыны дәлелденді. Әдетте, демалыс күндері адамдар азықты ірі гипермаркет, базарлардан алады. Алайда, жұмыстан кейін немесе жұмыс арасында, сондай-ақ үйде отырған адамға шұғыл бір нәрсе қажет болып қалған жағдайда үйге ең жақын орналасқан дүкеннен қолайлысы жоқ.
Алматылық кәсіпкер Базылханова Наргиз Мажитқызы 2019 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Қазір тұрақты клиенттері бар және табыс әкеліп тұрған азық-түлік дүкенінің иесі. Дүкенде негізінен:
Ет және шұжық өнімдері;
Көкөністер мен жемістер;
Сүт өнімдері;
Бакалея;
Кондитерлік өнімдер;
Алкогольсіз сусындар және т.б азық-түлік сатылады;
Дүкенге тұтынушы тарту үшін кәсіпкер сыртқы жарнама секілді көптеген әдістерді пайдаланады. Атап айтқанда:
Акциялар өткізеді.
Дисконт карта. Жеңілдіктер жүйесін әзірлеп, тұрақты сатып алушыларға ұсынады. Бұл – тұтынушыны дүкенге қайта келіп тұруға итермелейді.
Интернеттегі насихат. Әлеуметтік желілерде топтар құрып, жүргізу, сауда нүктесінің сайтын әзірлеу. Қосымша бағаға үйге өнімдерді жеткізу мүмкіндігі бар.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындарының назарын аудару үшін мерекелерді салтанатты түрде өткізу. Бұл күні жеңілдіктер жасап, сыйлықтар жасауға болады.
Бағаны бәсекелестерге қарағанда 5-10 теңгеге төмен ұстау.
Тауар түрін кеңейту керек болған кезде кәсіпкер «Альфа-Банк» АҚ ЕБ арқылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 6%-бен несие алды. Кепілзаты жеткіліксіз болғандықтан, «Даму» Қоры кепілдік берді.
Дүкеннің мекенжайы: Алматы қ., мкр. Көктем 3, 18 үй.
Азық-түлік дүкенінің жұмыс уақыты: күн сайын 9:00 — 23: 00.
Инстаграмм:@nargizbazylkhanova