2017 жылы АҚШ-қа барған сапары кезінде ақтөбелік Мира Жұмағалиеваның басына керемет бизнес идея келді. Оған отбасылық бизнес көзі болған наубайханаға барғаны түрткі болды. Бұл наубайхана жұмысы тапсырыс берушілердің қалауы мен ыңғайлылығына бейімделген еді. Сол жолғы көргендері Мираны тәнті етпей қоймады. Басшылық жұмыста 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі Мира осылай наубайхана бизнесіне бет бұрды. Бұл іске барлық отбасы мүшелері тартылған. Әрқайсысы белгілі бір салаға жауапты.
Қаржы тапшылығын «Даму» қорының қолдауымен шешті. Кәсіпкер «БанкЦентр Кредит» АҚ арқылы несие алып, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады.
Қысқа мерзім ішінде «Мóголь» наубайханасы отбасылық жайлы кофехана ретінде танылды. Мұнда бас сұққан жұрт «Мóголь» наубайханасында пісірілетін тәтті-дәмділердің тұрақты тұтынушыларына айналып үлгеретін. Олардың ақ тілегі мен жағымды пікірлері «Мóголь» командасы үшін дамуға керемет ынталандыру.
Instagram: @pekarnya_mogol
Телефон: +7 776 093 33 33