Альбина Якубалиева 2011 жылы Астраханьдағы колледжді «Бухгалтер» мамандығы бойынша бітірген соң, Астрахань мемлекеттік техникалық университетінің «Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит» бөліміне оқуға түсіп, кейін Ресейден Атырауға көшіп келген. Артынша APEC Petrotechnic-тен «Instrumentation (КИПиА)» мамандығын меңгерді.
2017 жылы жұбайымен бірге бухгалтерлік қызмет көрсету және бухгалтерлік есепті оқыту, салық жүйесі, 1С бағдарламасы бойынша «Капитал» атты консалтинг фирмасын құрды. Сол кездің өзінде-ақ бойжеткеннің қолында 30-дан астам сертификат болды.
2020 жылы «Капитал» ЖК Атырау облысы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздарға бухгалтерлік есепті және Қазақстандағы 1С Бухгалтерия бағдарламасын оқыту бойынша жалғыз компания болды. Қазір кезге дейін оқу орталығында жүздеген түлек білім алды.
Қазір «Капитал» ЖК өз оқу орталығын кеңейтіп, әрі Атырау облысына әртүрлі мақсатта сапарға келетін кәсіпорындар мен ұйым қызметкерлері үшін қонақ үй қызметін (хостел типтес) көрсету бойынша жұмыс бастамақ болды. Бұл жобаны «БЖК 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық банкі» АҚ қолдап, жылына 14,5%-бен несие берді. Мемлекет 5,8 пайызын субсидиялады.
«Мен «Топ-менеджмент» жобасы бойынша оқыдым. Бұл маған өз бизнесімді алға жылжытып, кеңейтуде үлкен серпін берді. Зор сенім мен үлкен жауапкершілік – табыстың қуатты қозғалтқышы», - дейді Альбина Якубалиева.
Мекенжайы: Атырау қ. М. Өтемісов көшесі, 70e
Е мail: Kapital.art@gmail.ru
Тел 71222 321152; 87778582801