«Даму» Қорымен мен бірге отбасылық бизнес дамуда

Жаңалықтар
17.04.2020

Шағын бизнестегі жетістік көбіне отбасылық кәсіппен тығыз байланысты екенін өмір талай дәлелдеді. Себебі отбасылық компания ең алдымен бірлік пен сенімді ұран етіп құрылады. Өзара байланыс, тығыз қарым-қатынас істің алға жылжуына сеп болады.

Ерлі-зайыпты Кеңесовтер де өз бизнесімен айналысуға шешім қабылдаған кезде отағасы Нұрланның Атырау қаласындағы құрылыс компанияларының бірінде аздаған жұмыс тәжірибесі болған. Алдымен олар цехты жалға орын алып, тұрғын үй, кеңсе, ғимараттар салу кезінде үлкен сұранысқа ие - ағаш материалдарын дайындап, сатуға кірісті.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеңіл несие, мемлекеттік қолдау туралы естіп, ерлі-зайыптылар «Даму» Қорына жүгінді. Қор қызметкерлері толық мағлұмат беріп, банкке дейін сүйемел көмек көрсетті. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнесті кеңейту және қойма базасын сатып алу үшін «Кеңесова Ж» ЖК жылына 6%-бен несие алды. Қор несиенің 54%-ына кепілдік берді.

Алдағы уақытта «Кеңесова Ж» компаниясы жаңа 3 жұмыс орнын ашып, Ресейге тауар жөнелтіп, Атырау облысының құрылыс компанияларымен және жақын орналасқан көршілес облыстармен келісім-шарт жасауды жоспарлап отыр.

 

Мекен-жайы..Атырау қаласы, Береке мөлтек ауданы, 2.

эл.пошта.85 masalimov@gmail.com

байланыс телефоны: 87020154545,87017516085