info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Шебердің қолы алтын

Жаңалықтар
27.04.2020

Соңғы жылдары қай өңірде болмасын, құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Жаңа материалдар кеңінен енгізіліп, жаңа технологиялар мен дизайнерлік өнер түрлері қолданылуда.

Қазір үй, кеңсе бөлмелері мен ғимараттарды безендіру барысында жұмсақ тастар мен термопанельдерден жасалған тұсқағаз немесе тақта тас түріндегі икемді құрылыс материалдары жиі пайдаланылуда. Оны әр түрлі түсте, сипатта шығаруға болады және қасбеттер, қоршаулар, интерьер және экстерьерді өңдеген кезде, ландшафты дизайнда пайдалануға болады.

«Мен Атырау қаласының балық аулау шаруашылығында біраз уақыт жұмыс істедім. Кейін өз бизнесімді ашуға шешім қабылдап, жұмсақ тастар мен термопанельдер өндіру технологиясын меңгердім», - дейді бизнеске жаңа қадам басқан кәсіпкер Ерболат Тлепбергенов.

Кәсіпкер кәсіпкерлік негіздерін тегін үйрететін курсты тәмамдап, «Даму» Қорынан кеңес алған соң, кәсіпкер құрал-жабдық сатып алу үшін «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша 6%-дық несие алды.

Болашақта «ТЕС» ЖК қосымша жұмыс орындарын құрып, өндіріс қуатын ұлғайтып, дайын өнімді сату үшін Атырау қаласындағы ірі құрылыс дүкендері мен сауда нүктелерін жалға алу шартын жасауды жоспарлап отыр.