KiwiStyle –, медицина қызметкерлеріне, жұмысшыларға арналған фирмалық үлгідегі киімдер мен бетперде тігіп, ұжымдық таңбаларды, логотиптерді жасаумен айналысатын компания.
Серіктестікті құрған Сексенбаева Анар Маратқызы университет бітірген соң интерьер дизайнын жасаумен айналысып, ірі бизнес жобалармен серіктес болып, тұрақты табыс тауып отырды.
Бала кезінен Анар тігін ісіне құмар еді. Сондықтан, өз кәсібімен қатар тігін цехының жұмысын да жолға қоймақ болды. Уақыт өте келе бұл кәсіп оны компаниядағы негізгі шаруасынан алыстатып, ақырында осы бағытқа біржола бет бұрды.
Алғашқыда аутсорсинг әдісімен HoReCa (Hotel, Restaurant, Catering/Cafe) мейрамхана-қонақ үй ісі бойынша тапсырыстар орындап жүрді. Атап айтқанда: перде, дастархан, орамал, майлықтар тігетін. Жергілікті және шет елдік компаниялармен жеке дизайн жасау бойынша әріптестік те орнатып үлгерді (Монако мемлекетіндегі яхта-мейрамхана). Осы уақыт ішінде сенімді әрі тұрақты компания екендігін дәлелдей алды.
Өнімге сұраныс артқан сайын жаңа цех ашып, заманауи құралдар мен материалдар алуға қажеттілік туындады. Әрі инвесторлардың да көзіне жиі түсе бастады. 2020 жылы наурыз айында компания «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша алты пайыздық несиеге қол жеткізді. Кепілзат жетпеген жеріне Даму Қоры кепілдік берді.
Карантин енгізілгелі бері компания жұмысын тоқтатқан жоқ. Бұл аралықта әсем дизайнмен көп рет қолданылатын бетперделер тігуге кірісті. Қазір елордадағы дәріханалар желісі мен жанар-жағар май құю орындарына бетперде жеткізуге шарт жасасқан.
Болашақта кәсіпкер ерекше өндіріс әдісімен балаларға арналған киімдер тігуге кіріспек.
Сайт: Kiwistyle.kz
Instagram: Kiwistyle.kz
Телефон: +77016391982