menu
Жабу

«Alika-Group» ЖШС. Құрылыс нысандарына берік, сенімді, жоғары сапалы сэндвич панельдерін өндіреді

Жаңалықтар
10.08.2020

«Alika-Group» ЖШС іргетасын 11.03.2016 жылы Тулентаев Руслан Талғатұлы қалады.

ТОО Алика груп фото руководителя.jpeg

Негізгі қызметі аумақтарды абаттандыру. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында ағаш кесу, көгал ору, арнайы аумақтарға санитарлық тазалық жүргізу, ғимараттар мен субұрқақтарға қызмет көрсету және көше жарығына қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Компания Қазақстанның барлық аумағында абаттандыру бойынша байқауларға қатысады.

ТОО Алика груп фото 7.jpeg

2019 жылы компания жаңа бағыт: ЛП-7 М сэндвич панельдерін өндіруге бет бұрды. Бұл материал әкімшілік, тұрғын үй, өндірістік ғимараттарды, сондай-ақ сауда павильондары мен дүкендерді, қоймаларды және әртүрлі қызмет көрсету құрылыстарын салуда қолданылады. Құны төмен болғандықтан (кірпіш, бетон және ағашпен салыстырғанда) сэндвич панельдерін өндіру табысты бизнес саналады.

Компания цех ашу үшін алдымен ғимаратты жалға алу жөнінде шарт жасады. 2019 жылдың желтоқсан айында «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 30 000 000 теңге несие алды. Жоба аясында Даму Қоры 15 000 000 теңгеге кепіл болды. Бұл қарыз мөлшерінің 50%-ы. Компания бұл қаржыға сэндвич-панельдер өндірісін іске қосып, реттеу жұмыстарын жүргізіп, өндіріске материал сатып алды. 2020 жылдың наурызында өндіріс іске қосылды. Іске қосу жұмыстарымен қатар қызметкерлер де оқып, білім жетілдірді.

Мекенжай: Көкшетау, ШӨА, 22-өткел, 5Б. Телефон: 8 747 259 1810.