menu
Жабу

"Даму" Қоры БҰҰДБ қолдауымен Қазақстанда алғашқы "жасыл" облигацияларды шығарды

Жаңалықтар
11.08.2020

11 тамызда «Даму» Қоры АҚ, БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) - Astana International Exchange қор биржасының сауда жүйесінде жылдық 11,75% купондық мөлшерлемесі және айналыс мерзімі 3 жыл "жасыл" облигацияларды алғаш рет табысты шығарды.

Облигациялардан түскен қаражат "жасыл" жобаларды жүзеге асыратын ШОБ субъектілеріне одан әрі несие беру үшін екінші деңгейлі банктерге, микроқаржы ұйымдарына салынады.

Қордың "жасыл" облигацияларын шығару және орналастыру жөніндегі Лид-менеджері "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ болды.

Қордың" жасыл " облигацияларын шығару БҰҰДБ-мен жаңартылатын энергетикаға инвестициялау тәуекелдерін төмендету жөніндегі келісім аясында мүмкін болды. Облигацияларды орналастырудан түскен қаражат "жасыл" жобаларды іске асыратын ШОБ субъектілеріне кейіннен несие беру үшін екінші деңгейлі банктерге, микроқаржы ұйымдарына жіберілетін болады. Қордың жасыл облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаумен қатар, БҰҰДБ "жасыл" жобаларды іріктеуде техникалық қолдау көрсетеді.

Қордың Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева Қордың ШОБ субъектілерінің "жасыл" жобаларын жүзеге асыруда қаржылай қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

«Қордың "жасыл" облигацияларын орналастыруы жаңа құралдың жергілікті капитал нарығында табысты іске асырылуы мүмкін екендігін айқындайды. БҰҰДБ - мен және "жасыл" Қаржы орталығымен» одан әргі ынтымақтастық ЖЭК жобаларына инвестиция салуға ынталандыруда жаңа серпін береді деп үміттенеміз, - деді ол.

Пилоттық жоба АХҚО-ның "жасыл" қаржы орталығы қолдауымен жүзеге асырылды. Ол қажетті консультациялық қолдау көрсетті және тәуелсіз қорытындыны ұсынды (Second Party Opinion).

Қор облигациялары АХҚО биржасының "жасыл" қағидаттарына сәйкес келетін алғашқы бағалы қағаздар болды. "Жасыл" облигацияларды шығару арқылы "жасыл" экономика саласындағы жобаларды қолдау және "жасыл" қаржы құралдарын енгізу – АХҚО үшін басым бағыттардың бірі саналады. Әрине, AIX биржасында дебюттік "жасыл" облигациялар шығару жалпы Қазақстанда облигациялардың жаңа нарығын іске қосатын маңызды оқиға болып саналады.

Біз "Бәйтерек" холдингіне, "Даму" Қорына және БҰҰДБ - ға үйлесімді жұмысы үшін алғыс айтамыз және бұл үлкен бірлескен ынтымақтастықтың бастамасы ғана деп үміттенеміз", - деп атап өтті АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Экологиялық проблемаларды шешумен қатар, "жасыл" экономикаға" инвестиция салу елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, экономиканы әртараптандыруды ынталандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Біз ұлттық әріптестерімізбен ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз және Қазақстанның төмен көміртекті дамуға көшуіне және Париж келісімі шеңберінде халықаралық міндеттемелерді орындауға одан әрі жәрдемдесетін боламыз, - деп мәлімдеді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Сондай-ақ, "BCC Invest" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Қаламхатов: "Қор Қазақстанның "жасыл" облигацияларының қалған эмитенттеріне жол ашты. Жоғары несие рейтингтері, тұрақты қаржылық көрсеткіштер және эмитенттің өз қызметінде инновациялық шешімдерді енгізуге дайындығы эмитентке капитал нарықтарындағы ағымдағы құбылмалылық жағдайында облигациялар шығарылымын толық көлемде орналастыруға мүмкіндік берді. Қор мен "BCC Invest"АҚ жүргізген белсенді жұмыс осы орналастыру табысының кепілі болды.