«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалдарында «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жобасы бойынша оқуға өтінімдер қабылдау басталды.
Егер сіз экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары немесе орта буын басшысы болсаңыз, кәсіпорынды қалай жақсы басқару керектігін, бәсекелестік жағдайында қалай өмір сүру керектігін және компанияның тұрақты өсуін қамтамасыз етуді білмесеңіз және бизнесті құру мен жүргізудің жаңа үлгілері туралы білім алғыңыз келсе, «шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» курсын тегін оқып, білім деңгейіңізді арттырыңыз!
«Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы табысты бизнесті құрудың жаңа модельдерін енгізуге, қолданыстағы кәсіпорынды тиімді басқару дағдыларын дамытуға және стратегиялық және тактикалық бизнес-міндеттерді шешуге бағытталған. Оқыту Дьюк университетінің (АҚШ) бөлімшесі – Duke Corporate Education шетелдік профессорларымен әріптестікте оқытуды жүзеге асыратын «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары мектебі базасында өтеді.
Оқу республикалық бюджет есебінен. Бағдарламаға қатысушыларға барлық білім беру материалдары ұсынылады. Ілеспе аудармамен қамтамасыз етіледі.
Бағдарламаның басталуы: 26 тамыз 2020 ж.
Бағдарламаға қатысу үшін "Даму"Қорының өңірлік филиалына өтінім беру қажет.
Орындар саны шектеулі.
«Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жобасы, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдаудың басқа да бағдарламалары бойынша толық кеңесті «Даму» Қорының аймақтық филиалдарына хабарласу арқылы немесе 1408 немесе +7 (800) 080 18 90 (қоңырау шалу тегін) нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.