Павлодарлық Руслан Айдарбекұлы Балтабаевтың компаниясы Қазақстан Республикасы бойынша да, жақын шетелдерде де жүк тасымалдаумен айналысады. Бұл кәсіппен айналысарда мемлекеттен көмек алуға болатынын Русланға достары айтқан.
«Жүк тасымалдау идеясы басыма бірден келген жоқ. Менің бір танысым «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша экскаватор алып, кейіннен жүк тиейтін екінші техникасын сатып алған кезде ойландым. Елдегі қызметтер нарығына мониторинг жасай отырып, жеке кәсіпкер ретінде мен үшін жүк тасымалдау неғұрлым тиімді және ыңғайлы екенін түсіндім», - дейді «Балтабаев» ЖК басшысы Руслан Балтабаев.
Кәсіпкер ретінде тіркеліп, Руслан банкке өтініш береді. 2020 жылдың мамыр айында Руслан Балтабаевтың жобасын «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ қолдап, 10 млн теңге несиені 14%-бен техника сатып алуға берді. «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің 6%-ын кәсіпкер төлейді, 8%-ын мемлекет субсидиялайды. Кәсіпкерге субсидия бес жыл ішінде төленеді.
«Даму» Қорының қолдауы көп көмектесті. Жаңа бастаған кәсіпкер ретінде маған несиенің барлық сомасына кепілзат табу өте қиын болар еді. Менің қолымда бар жоғы 2 млн теңге мөлшеріндегі депозит болды. «Даму» Қоры Банкке 84%, яғни 8 409 169 теңгеге кепілдік берді. Осының арқасында банк талап еткен 100 пайыз кепілдікті ұсына алдым. Ал бұл – кәсіпкерлік идеямды жүзеге асыруға көмектесті», - дейді Руслан Балтабаев.
+ 7 705 777 25 00