menu
Жабу

«Zhamal-ai LTD» - жеңіл өнеркәсіптің жампозы

Жаңалықтар
14.08.2020


IMG_1540.jpg

«Zhamal-ai LTD» ЖШС 25 жылдан бері кәсіби киім және арнайы аяқ киім шығарып келеді. Тәжірибесі мол білікті мамандар жұмыс істейтін компания мамандары кез келген кәсіпорын үшін қызметі мен жұмыс ерекшелігін ескере отырып, арнайы киім жасап шығара алады. Мысалы, аяқ киім тікелей құю әдісімен жасалады. Бұл – табанның беріктігіне кепілдік береді. Сондай-ақ мұнай-газ, құрылыс және басқа да өнеркәсіп салаларының қызметкерлеріне арнайы, қорғаныш киімі мен мектеп оқушылары мен әскери қызметкерлер үшін біріңғай форма тігеді. «SHARKEY» брендімен күнделікті аяқ киімдер де (мокасиндер) шығарады. Оның табаны бүгінгі таңда ең жақсы саналатын термопластик материалдан зауытта арнайы жасалады. Шикізатын Ресей, Италия және Түркияда алдырады.

IMG_1539.jpg

«Zhamal-ai LTD» жеңіл өнеркәсіп саласында бірнеше рет республикалық, облыстық және қалалық көрмелердің жеңімпазы және жүлдегері атанды. Қазір «Zhamal-ai LTD» өнімдері Нұр-Сұлтан, Алматы және Атырау қалаларындағы сауда нүктелерінде сатылады.

Компания ҚР Ұлттық Қоры қаражаты есебінен жүзеге асырылатын «Өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОБ субьектілерін қолдайтын «Даму Өндіріс» бағдарламасы аясында  "Forte Bank" арқылы алты пайыздық жеңіл несие алды.

Мекенжайы: Ақтау қ., 21 ш / а., ғимарат 13.

Тел: 8 (7292) 605-335,Факс: 605-178.

E-mail: jamal-business@mail.ru

Сайт: www.zhamal-ai.kz

Instagram: @zhamal_ai