menu
Жабу

Сауда nехнологиялары

Жаңалықтар
17.08.2020

Ксения Беспалая 2006 жылдан бері «Сауда технологиялары» брендімен қоғамдық тамақтандыру орындарына, дүкендер мен мен супермаркеттерге кәсіби ас үй және сауда жабдықтарын сатумен айналысады. Бойжеткен өз бизнесін технологияға, ас үй жабдықтарына деген сүйіспеншілікке сүйене отырып құрды. Кәсібі жайында сағаттап әңгімелеуге бар.

«Сауда технологиялары» дүкенінің басты ерекшелігі – әр клиентке жеке зейін қойып қызмет көрсетуі, жабдықтардың әр алуандығы, қоймада қажетті жабдықтың үнемі болуы және елдің кез-келген түкпіріне қысқа уақыт ішінде жеткізіп бере алуында.

Қоймадағы тауар қорын көбейту үшін кәсіпкер «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 6%-дық несие алды.

Қазір «Сауда технологиялары» компаниясының клиенттері – қала мен облыс дүкендері мен супермаркеттері, сонымен қатар Қазақстанның басқа аймақтарындағы кәсіпкерлер. «Сауда технологиялары» нарықта өзін ең алдымен сапалы, сенімді және жылдам жеткізетін компания ретінде танытты.