Тәуекел түбі жел қайық

Жаңалықтар
17.08.2020

2018 жылдың 8 қазанында Антон Комогорцев құрған «КМИнвест» ЖШС - жас компания, жаңа стартап-жоба. Негізінен тапсырыспен арнайы киім, комбинезондар (медициналық мақсаттағысын да) тігумен айналысады.

WhatsApp Image 2020-08-06 at 15.47.39 (1).jpeg

2020 жылға дейін кәсіпкер әртүрлі қызметпен айналысқан. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлердің айтарлықтай қолдауы туралы білген кезде «Даму» қорына жүгінді. «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 2020 жылы мамыр несие рәсімдеді. Банк талап еткен кепілдік жеткіліксіз болған кезде «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында Даму Қоры несиенің 85% мөлшерінде кепіл болды.

Қаржы алу, бизнес ашу және аяққа нық тұру шаруалары тура карантин кезіне тура келді. Бірақ кәсіпкер карантиннің бизнес ашуға кедергі емес екендігіне көзін жеткізді. Мұнымен қатар ол бірнеше адамға жұмыс беріп, тіпті цех орналасқан аумақтан баспана да ұсынып отыр.

Қазір кәсіпкер өз өнімдеріне мегаполистегі ірі тұтынушылармен келісімшарт жасақан. Яғни бас аяғы екі айдың ішінде қол жеткен жетістік. Кәсіпорын жұмысы қызу жүріп жатыр.

Кәсіпкер толық қалыптасқаннан кейін компанияны аймақаралық деңгейге шығарып, жеке адамдарға да ерекше киімдер тігуді қолға алмақ..

Мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Оңтүстік-шығыс шағын ауданы, Тайқазан к., 10.

Телефон: 8 778 995 37 72

Инстаграм: Spetc_odezhda