Оңтүстік Корея технологиясымен жұмыс істейтін «Marai E7 Group» ЖШС халықаралық стандарттарға сай медициналық өнімнің 17 түрін шығарады. Зауыт жылына 500 000 арнайы бинт және 274 000 ортопедия бұйымдарын дайындап бере алады.
Өнімнің бұл түрі әртүрлі сынықты таңуға ыңғайлы, жеңіл, тез қататын, рентгенге түсіруге кедергісі жоқ. ТМД елдерінде теңдесі жоқ зауыттың бүкіл Қазақстан нарығын ортопедиялық өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндігі мол. Ал бағасы басқа өндірушілердікімен салыстырғанда анағұрлым төмен. Мұның бәрі «Marai E7 Group» ЖШС өнімдерін ел ішінде танымал етуге көп септігін тигізді.
2020 жылы айналым қаражатын толықтыру керек болған кезде зауыт «Даму» Қорына жүгініп, «АТФ Банк» АҚ барқылы 14,95%-дық несие ресімдеді. Қор 8,95%-ын субсидиялайды.
Қазір «Marai E7 Group» ЖШС аллергия тудырмайтын, ылғалданбайтын, ісінбейтін және рентген диагностикаға кедергі жасамайтын заманауи, жоғары сапалы, оңай қолданылатын медициналық өнімдер шығаруды жалғастырып, дамып келеді.
Тел: +7 /7252/ 39-10-00
e-mail: office@ecopharm.kz
Сайт: www.ecopharm.kz