info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Арманыңа қарай қадам бас. Күн сайын. Әр жаттығудан кейін»

Жаңалықтар
17.08.2020

Қазіргі бокс Англияда 18 ғасырдың басында пайда болды. 1889 жылға дейін жекпе-жектер жалаң жұдырықпен өтетін. Содан кейін Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда бұлай бокстасуға заңмен тыйым салынды да, бокс дами бастады. Англияда бокс  мектептің міндетті бағдарламасының бөлігі ретінде енгізілді. Қазақстанда да бұл спорт түрі кең тараған. Геннадий Головкин, Бейбіт Шүменов, Мадияр Ашкеев, Мейірім Нұрсұлтановтардың арқасында шетелде қазақстандық бокстың белгілі бір бренді қалыптасты.

163b2351d808fed2f0d688033ad53b6f.jpg

 2016 жылы ерлі-зайыпты Ильмар мен Ләззат Иргалиевтар бар қаражатын жинап, елордада отбасылық кәсіп ашпақ болды. Ерлі-зайыптылар фитнеске әуес әрі кәсіпкер бұрын бокспен айналысқан.

«Күйеуім екеуміз 15 жылдай мұнай-газ саласында жұмыс істедік. Бұл – вахталық жұмыс, отбасынан жиі жыраққа кетесің. Күндердің бір күнінде бұдан да жалықтық. Біз бұл бизнесті бастаған кезде, қалада кәсіби емес спортшылар мен бокс әуесқойлары үшін, яғни жаттығуды қалағанмен, жарыстарға қатысқысы келмейтіндерге арналған клуб болмады. Сөйтіп, 2016 жылы «Bronx» атты тұңғыш премиум бокс фитнес-клубы ашылып, ең озық жабдықтармен және подиумдағы кәсіби рингпен жабдықталды», - дейді ерлі-зайыпты кәсіпкерлер.

 Бұл франшиза емес. Бұл – тәуелсіз қазақстанның жаңа бренді! Сұраныстың артуына байланысты, 2017 жылы бір фитнес-клуб жобасы екі фитнес залдан тұратын шағын желіге айналды.

2020 жылдың басында кәсіпкерлер Нұр-Сұлтан қаласындағы желісіне үшінші филиал қосуға шешім қабылдады. Ләззат Иргалиева «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы несие алып, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады. Сонымен қатар кепілдік жетпеген тұсына «Даму» Қоры кепілдік берді. Соның арқасында Нұр-Сұлтан қаласында «Bronx» фитнес-клубының үшінші филиалы ашылды.

«Біз астананың ең сәтті клубымыз деп мақтана аламыз. Бүгінгі күні 2000-ға жуық адам біздің клуб карталарын сатып алған. Олардың шамамен 70 пайызы - ешқашан қолғап кимеген немесе бокспен әуестенбеген жандар. Бізде жаңадан бокс үйренушілер үшін, қолғап түйістіріп көрген боксшылар үшін топтар, сондай-ақ фитбокс, балалар үшін 4-7 жас аралығындағы арнайы топ бар. Олардың сабақтары эстафеталар мен ойындар түрінде өтеді», - дейді кәсіпкер.

Жаттықтырушылар құрамы:

  • Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері,

  • Қазақстан Республикасының спорт шеберлері,

  • әлем және Азия чемпиондары,

  • Astana Arlans кәсіби командасы.

Спаррингтер толық қорғаныш киімімен өтеді. MyZone жүрек қағу жиілігін бақылау жүйесі стрессті бақылап тұрады. Залда EVERLAST (LTV) кәсіби жабдықтары орнатылған. Клиенттер тек көрсетілген қызметтер үшін ғана төлейді.

 

Инстаграм: @bronxastana; @lazzat_bronxboss,

тел.: 87073088888