Стоматологияның медицина саласы ретіндегі тарихы 4 мың жылдан асады. Ал бүгін біз әңгімелейтін жетістік тарихына 8 жыл толған.
«Дентал Центр Ақтөбе» серіктестігін медицина университетінің 3 жас түлегі құрды. Бастапқыда жас құрылтайшылар бірлесіп стоматологиялық кабинет ашуға бел буды. Бар жоғы екі жыл ішінде олар тамаша нәтижеге қол жеткізді. Клиенттерді түнгі он екіге дейін қабылдау, түнгі жедел жәрдем қызметі, балалар бөлімін ашу сияқты жаңалықтарды енгізу бизнесті табысты бастап, пациенттер арасында танымал болуға оң әсер етті.
Стоматологияны кеңейту керек болған кезде кәсіпкерлер құрал-жабдықтар мен ғимарат сатып алу үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Bank RBK» АҚ арқылы несие рәсімдеп, пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады. Банк талап еткен кепілдік жетпеген кезде Қордан мемлекеттік кепілдік алды.
Сөйтіп олар стоматологиялық үстел жалдауды қойып, өз орталығын басқаруға көшті. Бизнес шаруаларын да теңдей бөліп алып, тізе қосып еңбектенуге кірісті. Біреуі медициналық процесті басқарумен айналысса, екіншісі оған инновациялар енгізді, үшіншісі компания менеджментімен айналысты. Клиника мен мамандарының жоғары біліктілігін шетелдік азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие екендігінен байқауға болады.
Қазір «Дентал Центр Ақтөбе» компаниясының Қазақстан бойынша 4 стоматология орталығы бар. Құрылтайшылар Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларында емханалар ашып, сондай-ақ Ресей нарығына шығуды жоспарлап отыр. Осы 8 жыл ішінде құрылтайшылар мемлекеттің қолдауын үнемі пайдаланып келеді. Бұл – бизнеске сөзсіз оң әсерін тигізді.
Instagram: @dental_centre_aktobe
Телефон: +7 747 094 55 98