menu
Жабу

Шатыр жабатын материалдар өндіретін павлодарлық компания мемлекеттік қолдауға ие болды

Жаңалықтар
18.08.2020

Ерлі-зайыпты Рамазанова Азелла Ермекқызы мен Сұлтанбаев Мұрат Зейноллаұлы отбасылық бизнесті бірге құрды.

«Mega-Кровля» ЖШС директоры Мұрат Зейноллаұлы Сұлтанбаевтың айтуынша, олар бірнеше жыл бойы осы салада саудамен, делдалдық қызметпен айналысқан. Бұл - шатыр материалдарын сату нарығын зерттеуге мүмкіндік берді. Кейіннен ерлі-зайыптылар өндірістік базаны сатып алып, өз өнімдерін шығара бастады.

«Негізгі қиындық, әрине, қаржы болды, - дейді М.Сұлтанбаев. Бұл бизнес қаржы салуды қажет етеді. Яғни бизнесте лайықты орын алу үшін мол ақша құю қажет. Биыл бізге жаңа жабдықтар мен шикізат сатып алуға шамамен 90 млн теңге қажет болды. «Даму» Қорының қолдауы қатты көмектесті. Өйткені бізде банк талап еткен кепілзат жеткіліксіз болды. «Даму» Қоры банкке кепілдік берді. Сонымен қатар, мемлекет несие жүгін азайтуға көмектесті»

Жоба «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау тапты. Несиені «Forte Bank» АҚ жылына 14,5%-бен берді. Оның 6%-ын ғана кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялады. Осы жоба бойынша «Даму» Қоры 27 097 100 теңгеге кепілдік берді.

Компанияның алдағы жоспарларында металлосайдинг өндірісі бойынша қосымша автоматты желілер сатып алу, металлқыш шатыр өндірісі бойынша екінші желіні іске қосу, өнімді өткізу нарығын кеңейту тұр. Сондай-ақ, Мұрат мемлекеттік қолдаудан тағы да үмітті.

Мекенжайы: Павлодар, Транссспортная көшесі 17/1

Тел: 7 705 987 56 16

Инстаграмм: @megakrovlya.pvl