Жамбылдық Әлиев Ахмет Кенжебайұлы 400 ш.м. ғимаратты жалға алып жиһаз құрастырумен айналысады. Цехта 8 адам жиһаз құраушы ретінде жұмыспен қамтылған. Оның үшеуінің есту қабілеті нашар. Мұнда ас үй, жатын бөлме және балалар гарнитуралары, шкаф, шифоньер секілді көптеген жиһаз тұрлері шығарылады.
Былтыр кәсіпкер жалпы ауданы 259 ш. м құрайтын 2 қабатты жиһаз дүкенін салу туралы шешім қабылдады. Жекеменшік жер телімі бар. Ендігі шаруа дүкен құралысы.
Кәсіпкер «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 60 ай мерзімге 15 миллион теңге несиені «Halyk Bank» арқылы алды.
Нәтижесінде кәсіпкер өнім шығару көлемін ұлғайтып, тауарларды өз дүкенінен сатуға мүмкіндік береді.
Мекенжайы: Тараз қаласы, Мусорского көшесі, 13 үй.
Тел.: +7(702)959-67-55