«МедиДез» ғылыми-өндірістік бірлестігі 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компания бастапқыда тек саудамен айналысқанмен, басты мақсаттары отандық өндірушіге айналу еді. 4 жылдан кейін, қажырлы еңбек пен тату ұжымның арқасында заманауи, барлық талаптар мен стандарттарға сай, дезинфекциялық заттар өндірісі іске қосылды.
Қазір компания медицина мекемелеріне арналған дезинфекциялау, зарарсыздандыру және зарарсыздандыру сұйықтықтарын, сонымен қатар парфюмер және косметика өнімдерін шығарады. Аурухана гигиенасы саласында маманданған компания түрлі емдеу-профилактикалық мекемелердегі инфекция қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. «МедиДез» ҒӨБ» ЖШС өнімдері әсіресе пандемия кезінде сұранысқа ие болды. Қостанай облысында бұл – жалғыз өндіріс.
«Нарықта біздей өндірушілер көп. Бұл өнім сырт көзге бірдей көрінгенмен, компоненттер мен қоспалар сапасы әр жерде әр түрлі. Дәрігерлер бұл сұйықтықты күніне 30-40 рет қолдарына жағады! Егер өнім сапасыз болса, қолынан не қалатынын елестетіп көріңіз. Әр дәрігердің басты жұмыс құралы – қолын қорғауымыз керек. Шикізатты Еуропадан сатып аламыз. Қытаймен әріптес болмауға тырысамыз. Тек Қостанай облысын ғана емес, бүкіл республиканы қамтамасыз ететін әлеуетіміз бар. Алматы, Ақтөбе, Павлодарда филиалдар жұмыс істейді, дилерлік желі Астана, Қарағанды, Ақтау, Қызылорда қалаларын қамтиды, - дейді «МедиДез» ҒӨБ» ЖШС директоры Алия Қайрақбаева.
2019 жылы компания қырғыз нарығын бағындыруға кірісті. Сонымен бірге ресейліктерге де өнім жөнелте бастады. Әлия Мамутқызының айтуынша, ол жақта иық теңестіру оңай емес. Бәсекелестік деңгейі жоғары. Бірақ кері кеткен жоқ. Чебоксары Тверь, Екатеринбург, Самара және басқа қалаларға өнім тарата бастады.
«Біз өнімдерімізді арзан деп айта алмаймыз. Нарықта бұдан да арзанырақ құралдар бар. Біз сапаны басты назарға аламыз. Кәсіпорында бақылаудың бірнеше сатысы бар, - деп атап өтті кәсіпкер.
2020 жылы өндірісті кеңейту мақсатында компания жабдықтар сатып алуға және айналым қаражатын толықтыру үшін «Альфа Банк» АҚ арқылы 14,5%-дық несие алды. Кепілзаттың болмауына байланысты «Даму» қоры несиенің жалпы сомасының жартысына кепілдік берді. Сондай-ақ, «БЖК-2025» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігі субсидияланды. Компания тек 6%-бен несие төлейді.
Мекенжай: 111500, Қостанай обл., Рудный қаласы, Топорков көшесі, 39/1
Телефон: +7 (71431) 3 8625, +7 (708) 893-86-25, +7 (727) 323-64-01
Email: office@medidez.kz
Инстаграм: @medidez