Елде жарияланған төтенше жағдай режимі мен карантин тәртібі шағын және орта бизнеске ауыр сынақ болды. Көптеген компаниялар дереу бизнес бағытын өзгертіп, жол туып жатты. Ал кейбірі уақытша қызметін тоқтатуға мәжбүр еді. Дегенмен, дәл осы кезеңде сұраныс артып, ел жаппай сатып алуға тура келген тауарлар да болды. Бұл – негізінен медицина, фармацевтика саласы мен санитария-дезинфекция құралдары еді.
«Нұр-Май Фармация» ЖШС – Қазақстандағы парентерал ерітінділер шығаратын алдыңғы қатарлы өндірушілерінің бірі. Компания полипропилен контейнерге салынған инфузиялық ерітінділер және флакондағы инъекциялық ерітінділер түріндегі өмірлік маңызды дәрілерді шығарады. Сапасы жоғары, GMP сертификатты еуропалық жеткізушілердің субстанциялар мен материалдары қолданылған, өндіріс пен сақтау кезінде қатаң бақылаудың жүйесі жолға қойылған.
Алматы қаласында орналасқан «Нұр-Май Фармация» ЖШС өндіріс орны 2006 жылы іске қосылды. Компания әлемнің жетекші өндірушілерінің заманауи технологиялық және зертханалық жабдықтарымен жарақталған. Жылына 6 млн-нан астам флакон ерітінді шығара алады. Бүгінгі таңда компания өнімнің 20-дан астам түрін шығарып отыр. Олардың қатарында парентерал ерітінділер, гемодиализ концентраттары және ирригациялық ерітінділер, плазманы алмастыратын, гемостатикалық және анестетикалық ерітінділер де бар. Компания қызметінің маңызды бағыттарының бірі – рентген және МРТ зерттеулеріне арналған контраст ерітінділерін өндіру ісі. 75 қызметкер, оның ішінде 26 жоғары білікті маман жұмыс істейді.
Карантин кезінде зауыт айналым қаражатын толықтыру үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие алды. Жобаны «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қолдап, пайыздық мөлшерлемесін субсидия құралының арқасында 6%-ға дейін төмендетті.
тел: +7 727 260 39 74
е-mail: office@nm-pharm.kz
сайт: http://nm-pharm.kz/