info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Арманға апарар жол

Жаңалықтар
24.08.2020

Кәсіпкер Боштай Жүнісов 2014 жылы несие алып, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидияп, мемлекеттік қолдаудың арқасында үш қабатты жылу ұстайтын блоктар (жылу блоктары) өндірісін бастады. Сол жылы өндірістік шеберхана салынып, жабдықтар да орнатылды.

_DSC7308.JPG

Кәсіпорында шығарылатын жылу блоктары әртүрлі нысандарды салуда қолданылады (үйлер, гараждар, моншалар, сауда үй-жайлары және т.б.).

01_Дом_5.jpg

Компания үнемі нарық сұранысын, тұтынушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, өз өнімдерін жетілдіру үстінде болды. Жабдықтар жаңартылғаннан кейін кәсіпорын өнім көлемі мен түрін көбейтті. Жылу блоктарымен қатар, компания абаттандыру элементтерін де (газон плиткалары, жиектер, шағын сәулет элементтері: гүл құмыралары, қоқыс жәшіктері және т.б.). шығарады.

Боштай Жүнісов биыл көктемде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша мемлекеттен қолдау алды. «Нұрбанк» АҚ арқылы 15%-бен несие алып, оның 9%-ын «Даму» қоры субсидияланады, кәсіпкер қалған 6%-ын өтейді. Сондай-ақ, несие сомасының 40%-ына Қор кепілдік берді. Несие қаражатының арқасында кәсіпкер жылу блоктарын шығаратын қосымша заманауи желіні сатып алды. Бүгінде кәсіпорында тәулігіне 2500 жылу блоктарын шығаруға мүмкіндік бар.