menu
Жабу

«Даму» Қоры 10 000-шы кепілдігін берді

Жаңалықтар
24.08.2020

10 000 гарантия на заставку.jpg

Павлодарлық кәсіпкер Виктор Новоселов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Ақ берген 10 000-шы кепілдікке ие болды. Бұл ерекше қаржылық құрал арқылы өз ісін ашып, бизнесін дамытқан кәсіпкерлер көп.

«Мен 2017 жылы бизнес ашқан кезімде көптеген жас кәсіпкерлер сияқты өз ғимаратым болмады. Цехты жалға алып жұмыс істеуге туралы келді. Биыл «Даму» Қорына жүгінген кезде қолдау алдым. Қор несиеме кепіл болды. Енді әр түрлі қорап шығарумен айналысатын менің компаниямның жекеменшік ғимараты болады. Сондай-ақ шикізат пен жетпеген құрал-жабдықтарымды да алып алдым», - дейді «Корпорация Европак» ЖШС басшысы Виктор Новоселов.

Кәсіпкердің ойынша, Қор кепілдігі – өте тиімді және пайдалы құрал. Әсіресе несие аларда банк талап еткен кепілзат жеткіліксіз болған кезде.

Кепілдік алу механизмі былай: кәсіпкер банкке несие алуға келеді. Банк сұраған соманы толық жаба алатындай кепілдік сұрайды. Осы кезде «Даму» Қоры көмекке келіп, жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерге несие сомасының 85 пайызына дейін, ал бизнесі бар кәсіпкерлерге несие сомасының 50 пайызына дейін кепіл болады. Кәсіпкер қалған айырманы ғана ұсынады. Бұл құрал 2010 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында іске қосылды. Мұндай кепілдік халықаралық тәжірибеде бұрыннан бар, микро шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауда пайдаланылып келеді.

Графика для статьи..jpg

«Даму» Қоры кепілдігінің басты ерекшелігі барлық сала үшін берілетіндігінде. Қазір елдегі екінші деңгейлі банктердің барлығына дерлік Қордың кепілдігімен жұмыс істейді. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыс істеуге микроқаржы ұйымдарын тарту бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде кәсіпкерлер «Еңбек» және «Даму-Оптима» бағдарламалары бойынша микроқаржы ұйымдарынан қаржы ала алады. Соңғысы – Қордың өз бағдарламасы.

Мұндай бағдарламалар саны төртеу. Атап айтқанда:

1.    «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 2020 жылғы сәуірден бастап салалық шектеулерсіз жұмыс істейді.

2.    «Қарапайым заттар экономикасы» 2019 жылы іске қосылды және ірі кәсіпкерлерге, оның ішінде агросектор және өңдеу өнеркәсібі саласындағы тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге бағытталған.

3.    «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылы шағын және орта бизнесті және өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлерді дамыту үшін әзірленді.

4.    «Даму-Оптима» бағдарламасы 2016 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламалардың шарттарына сәйкес келмейтін кәсіпкерлер үшін жұмыс істейді.

Кепілдік беру құралының арқасында кәсіпкерлер 383 млрд теңге сомасына несие ала алды, бұл ретте берілген кепілдіктердің мөлшері 157,7 млрд теңгені құрады. «Даму» Қорының несиеге кепілдік беру құралы жаңа бизнес ашуға ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлерге жаңа салаларда дамуға да мүмкіндік береді.

Төтенше жағдай режимі кезінде ғана кепілдік беру құралы бойынша 10,2 млрд теңге несие сомасына 173 жобаға қолдау көрсетілді, берілген кепілдіктер сомасы 4,3 млрд теңгені құрады.

«Даму» Қорынан несиесіне кепілдік алғысы келетін кәсіпкерлер өз өтінімдерін online порталдар арқылы жібере алады egov.kz және online.damu.kz, сондай-ақ онлайн режимінде сайттардан кеңес ала алады www.damu.kz, www.online.damu.kz немесе 1408 бірыңғай Call-орталығына қоңырау шалу (қоңырау тегін). Сондай-ақ, сіз аймақтардағы менеджерлермен тікелей байланыса аласыз, байланыс ақпараты сайтта және Қордың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында бар.