info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Ақтау қаласында заманауи клуб ашылды

Жаңалықтар
27.08.2020

«ARENA» клубы – әртүрлі киберспорттық іс-шараларды ұйымдастыруға арналған стартап-жоба. Жақын маңдағы өңірлерде теңдесі жоқ. Клуб турнирлерге қатысып, киберспортқа қызығатындар үшін таптырмас орын.

·       Мұнда 50 ойын орны бар жалпы компьютер залы жарақталған. 1 сағат ойын құны 350 теңге.

·       20 ойын орны бар приставкалы (SР) ойын залындағы 1 сағат ойын 500 теңге.

·       Приставкамен ойнауға арналған (SР) 3 VIP аймақтағы 1 сағат ойын құны 2 500 теңге.

·       Виртуалды әлем аймағындағы KAT VR 30 минуттық ойын 3 000 теңге.

IMG_20200825_141820_220.jpg 

Қазір VR аймағының тұрақты клиенттері бар. Ойындар картотекасы апта сайын толықтырылады, кез-келген жастағы адамға лайық. Клуб ашылғаннан бері VR аймағының сатылымы айына 50%-ға артып келеді. ARENA клубында туған күн, тимбилдингтерді естен кетпес етіп өткізуге болады, достармен бас қосуға ыңғайлы.

Ойын клубына жабдық, жиһаз сатып алу үшін кәсіпкер «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы, «Еңбек» бағдарламасы аясында 60 ай мерзімге жылдық 6%-бен несие алды. «Даму» Қоры кепілдік берді.

Мекенжайы: Ақтау қ., 28 ш/а., 72 ғимарат.

Тел: 8 (777) 501-4433.

Instagram: @arena_актау