Кеңес ал!
«Восток СтройИнвест» ЖШС тарихы 2013 жылы есеп-қисап пен стратегиядан емес, қарапайым адамдық байқаудан басталды.
Компанияның болашақ негізін қалаушысы Сергей Анатольевич Коротаев сол кезде сауда орталығының директоры болып жұмыс істеді. Күн сайын оның көз алдында бір көрініс қайталанатын: ата-аналар саудамен айналысады, ал олардың жанында ойнайтын жері де, айналысатын ісі де жоқ, жалығып тұрған балалар. Осы бір қарапайым жағдайдан ол мәселені емес, мүмкіндікті көре білді.
Осылайша, ата-аналар өз істерімен тыныш айналысып жүргенде, балалар ойнап, дамып, қуана алатын кеңістік құру идеясы дүниеге келді. Алғашқы ойын алаңы өте қарапайым болды: батут, құрғақ бассейн, электрлі машинкалар. Дәл осы жерде балалардың күлкісі күту кезіндегі жалығуды алмастырды. Дәл осы жерде таңдалған бағыттың дұрыстығына сенім пайда болды. Бастапқы кезеңдегі қиындықтарға қарамастан, бұл болашақ дамуға берік негіз болды. Екі жылдан кейін қалада алғашқы ашық аспан астындағы лабиринт пайда болды. Құрал-жабдық Қытайдан тапсырыс беріліп, оны құрастыруға үш апта, ал жетілдіруге одан да көп уақыт кетті. Ол кезде Қазақстанда бұл сала іс жүзінде дамымаған еді — кеңес сұрайтын да, бағдар алатын да ешкім болмады. Барлығын сынақ пен қателік арқылы меңгеруге тура келді. Дәл сол кезде компанияның болашағын айқындаған маңызды шешім қабылданды: жеткізушілерге тәуелді болмау және лабиринттерді өз бетінше өндіруді бастау. Бұл қадам бетбұрыс кезеңіне айналды.
Бүгінде «Восток СтройИнвест» ЖШС Қазақстандағы балалар аттракциондарын шығаратын ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Компания балалар ойын жабдықтары саласындағы жаңа үрдістер мен технологияларды үнемі бақылап отырады. Бұл кез келген күрделіліктегі жобаларды — шағын ойын аймақтарынан бастап ауқымды ойын-сауық кеңістіктеріне дейін — жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Компанияның стратегиялық мақсаты — импортты алмастыру, отандық өндірісті дамыту және ТМД елдерінің нарығына шығу.
2025 жылы өндірістік қуаттарды кеңейту және пластикалық бұйымдар шығару бағытын іске қосу мақсатында кәсіпорын «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 120 ай мерзімге 180 млн теңге көлемінде қаражат алды. Бұл қаражат цехқа заманауи жабдықтар сатып алуға және өндірісті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.
«Восток СтройИнвест» тарихы — қарапайым байқаудан туған идеяның балаларға қуаныш сыйлайтын және отандық өндірісті дамытуға жол ашатын тұрақты бизнеске айналуының жарқын үлгісі.
«Восток СтройИнвест» ЖШС
Байланыс телефоны: +7 705 795 69 29, +7 705 595 38 75
Мекенжайы: РК, Абай облысы, Семей қ., Северная көшесі 2А
Инстаграмм: @aparkgroup