menu
Жабу

Кеңес ал!

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар...»

04.02.2026

«Элит Окно» жеке кәсіпкерлігі — қиын жағдайларға қарамастан, табандылық пен өз ісіне деген сенімнің нарықта орнығуға мүмкіндік беретінінің айқын үлгісі.

Кәсіп 2024 жылы іске қосылды. Компанияның негізін қалаушы әрі директоры Кунцевич Михаил Владимирович жұмыстан босап, сұранысқа ие бағытты — ПВХ терезелер мен есіктерді өндіру және орнату саласын таңдады. Бастапқы кезең шағын көлемде басталды: екі қызметкер, үш станок және 3–5 млн теңге аралығындағы бастапқы инвестиция.

Компания құрылған сәттен бастап өнім сапасы мен әрбір клиентке жеке көзқарасқа ерекше көңіл бөлді. Дәл осы ұстаным «Элит Окно» ЖК-не тұтынушылардың сеніміне ие болып, нарықта оң бедел қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бүгінде кәсіпкер үшін ең басты жетістіктердің бірі — клиенттердің жағымды пікірлері, бұл дұрыс бағыттың дәлелі.

Бизнестің дамуына серпін берген маңызды қадамдардың бірі — Instagram әлеуметтік желісі арқылы белсенді ілгерілету болды. Бұл платформа клиент тартудың және нарықпен байланыс орнатудың негізгі арнасына айналды. Көптеген бастаушы кәсіпкерлер секілді, бастапқы кезеңдегі басты қиындық клиенттерді табу болды, алайда жүйелі жұмыс пен табандылық бұл кедергіні еңсеруге көмектесті.

Бизнестің дамуына «Даму» қорының қолдауы маңызды рөл атқарды. Компания 2025 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы «Өрлеу» жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы аясында қаржыландыру алып, соңғы қарыз алушы үшін 12,6 % мөлшеріндегі түпкілікті сыйақы мөлшерлемесімен несиеге қол жеткізді.

Бұл өз кезегінде үздіксіз өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік берді. Аталған қадамнан кейін өндірісті кеңейту бағытындағы іс-шаралар анағұрлым сенімді әрі тұрақты сипат ала бастады.

Кәсіпкердің айтуынша, «жыл өткен сайын қиындай түсуде», дегенмен ол алға қойған мақсаттарынан айнымай, дамуды жалғастыруда. Алдағы 1–2 жылға арналған жоспарлар қатарында — өндірістік станоктарды жаңарту, бұл өнім сапасы мен жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Өз тәжірибесіне сүйене отырып, Михаил Кунцевич кәсіпті жаңа бастағандарға қысқа да нұсқа кеңес береді — «берілмеу, төтеп беру». Ал басқа кәсіпкерлерді шабыттандыратын ойы мынадай: «Өзіңе сен — «Даму» саған көмектеседі».

Ақмола облысы, Кокшетау қаласы, В. Маяковский көшесі, 47-үй

Тел.: +7 707 212 20 27

Инстограм: elitokno