menu
Жабу

Кеңес ал!

ASIA BRAND-тің жетістікке жету жолы

05.02.2026

2011 жылы Абишев Уйғын Ибрагимович жиһаз нарығына небәрі 1,5 млн теңге салып капитал және 4 адамнан тұратын шағын командамен қадам басты. Ол кезде Қазақстандағы жиһаз нарығы сырт көзге белсенді көрінгенімен, сапа мен заманауи стильді ұштастырған отандық өнім өте аз еді. Кәсіпкер әр Қазақстандық өз үйіне стильді әрі ыңғайлы жиһазды артық шығынсыз-ақ сатып ала алуы керек деген мақсат қойды.

Бизнестің алғашқы жылдары үлкен сынақтармен басталды. Өндірісті өсіру үшін қаржының тапшылығы мен білікті мамандардың аздығы даму қарқынын тежеді. Сол кезде «Даму» қоры арқылы мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. ASIA BRAND компаниясы 2021–2025 жылдарға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы жеңілдетілген несие алды. Жылдық 21,75% мөлшерлеменің тек 7%-ын кәсіпкер төлесе, қалған 14,75%-ы «Даму» қоры есебінен субсидияланды. Бұл қаражат айналымды толықтыруға, шикізат қорын ұлғайтуға және өндірісті жүйелі түрде кеңейтуге бағытталды.

Мемлекеттік қолдаудан кейін компания жаңа технологиялық деңгейге көтерілді. Өндіріске заманауи ERP және CRM Bitrix24 жүйелері енгізіліп, қол еңбегі жоғары дәлдіктегі ЧПУ станоктарымен алмастырылды. Нәтижесінде 2023 жылы компания беделді «Алтын Сапа» сыйлығын жеңіп алды. Қызметкерлер саны 200 адамға дейін өсіп, жаңа шоурумдар ашылды. Бүгінде бренд өнімдерін Kaspi және Halyk маркетплейстерінен оңай табуға болады.

Қазіргі уақытта ASIA BRAND — Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения және Тәжікстан нарықтарында сұранысқа ие ірі бренд. 100-ден астам ірі серіктеспен орнатылған берік байланыс — компанияның тұрақты дамуының кепілі. Уйғын Ибрагимович жаңа бастаған кәсіпкерлерге: «Бастапқыда кішкентайдан бастаңыз, идеяңызға сеніңіз және қадамдап үлкен жетістікке жетіңіз», — деп кеңес береді. 

Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тынышқұлов көшесі, 13 үй

Телефон:: + 7 777 991 69 09

Инстаграм: @asiabrand_kz