menu
Жабу

Кеңес ал!

Балаға деген бір махаббатын өмірлік кәсіпке айналдырған жан

11.02.2026

Мектепке дейінгі білімнің сапасы — ел болашағына салынған инвестиция. Дәл осындай миссияны ұстана отырып, «Бөлек Тау» ЖШС көптеген жылдар бойы білім беру саласында табысты жұмыс істеп, Атырау қаласында балабақша қызметтерін ұсынып келеді.

Құрылған сәттен бастап компания өз алдына ауқымды әрі әлеуметтік маңызы зор мақсат қойды — әр балаға қамқорлық пен назар көрсетілетін, жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін қауіпсіз, жайлы және дамытушы орта қалыптастыру. Ата-аналар тарапынан тұрақты түрде артып отырған қызығушылық жобаның сұранысқа ие екенін дәлелдеп, оны одан әрі кеңейтуге серпін берді.

12 жыл ішінде «Бөлек Тау» ЖШС әсерлі даму жолынан өтті: бір балабақшадан бастап, облыстың әртүрлі аудандарында орналасқан 10 мекемеден тұратын ірі желіге айналды. Ұжым саны 3 қызметкерден 150 адамға дейін өссе, тәрбиеленушілер саны 10 баладан 1 500 балаға жетті. Даму кезеңдеріндегі маңызды қадамдар қатарында — жеке ғимараттардың салынуы, педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру және заманауи оқыту әдістемелерін енгізу бар.

Қазіргі таңда білім беру үдерісіне ағылшын тілі мұғалімдері тартылған, би және каратэ үйірмелері жұмыс істейді, логопед пен психолог қызмет көрсетеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға айрықша көңіл бөлінеді: олардың жағдайын медицина қызметкерлері бақылап, сауықтыру және массаж рәсімдері жүргізіледі.

Әлеуметтік жауапкершілік — компания қызметінің негізгі қағидаттарының бірі. Қолжетімді баға саясаты жүргізіліп, көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер ұсынылады, балаларды тасымалдау үшін көлік қызметі ұйымдастырылған. Сонымен қатар, компанияның жеке ауыл шаруашылығының болуы тәрбиеленушілерді сапалы әрі теңгерімді бес мезгіл тамақпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кеңею жоспарларын жүзеге асыру мақсатында «Бөлек Тау» ЖШС «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан қаржылай қолдау алып, жылдық 12,6 % мөлшерлемемен «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Алынған қаражат балабақшалар желісін дамытуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға қосымша жағдайлар жасауға бағытталды.

Бүгінде «Бөлек Тау» ЖШС заманауи оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін енгізе отырып, отбасылардың сұранысына және жоғары сапа стандарттарына сүйене отырып, сенімді түрде дамуын жалғастыруда. Компания басшылығы «Даму» қорымен серіктестік стратегиялық мақсаттарға жетуде сенімді тірек болып, әрі қарай өсуге қуатты серпін бергенін атап өтеді.

Компанияның негізін қалаушы Зейнет Назарбаева былай дейді:
«Жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін нарықты мұқият зерттеу, өз мақсатты аудиториясына назар аудару, қателіктерден сабақ алуға дайын болу және менторлардан қолдау сұраудан қорықпау өте маңызды. Сондай-ақ қаржылық қауіпсіздік қоры мен бизнесті дамытудың нақты көрінісі болуы қажет».

Алдағы жылдары компания бастауыш сыныптарға арналған жекеменшік мектеп ашуды, онлайн-қосымшалар мен ата-аналарға арналған бақылау жүйелерін енгізу арқылы технологиялық жаңғырту жүргізуді, қосымша үйірмелер мен мектепке даярлық бағдарламаларын кеңейтуді, сондай-ақ әрбір балаға шынайы жеке дамытушы орта қалыптастыруды жоспарлап отыр.

Компания ұраны:
«Табыс — табандылықтың, өзіне деген сенімнің және берілмеуге дайын болудың нәтижесі».

Мекенжайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Бекарыс көшесі,7

Байланыс телефондары:
87011009371; 87022997007

Instagram: zeinep_amina_jane_balapandar