menu
Жабу

Кеңес ал!

КӘСІПКЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ЖЕКЕ КАБИНЕТІ: БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫ СЕРВИСТІҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙІ

05.02.2026

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуге және әкімшілік рәсімдерге кететін уақытты қысқартуға бағытталған «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» пилоттық жобасын іске қосты.

Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті – Қаржы министрлігінің негізгі сервистерін бір жерде біріктіретін жаңа цифрлық сервис. Ол бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету және әкімшілік рәсімдерге кететін уақытты қысқарту үшін әзірленген.

Жеке кабинет арқылы кәсіпкер:
• өз компаниясы туралы мәліметтерді;
• Қаржы министрлігі жүйелерінен келетін барлық хабарламаларды бір жерден;
• сервистермен жұмыс барысында қателіктердің алдын алуға көмектесетін кеңестерді алады.

Жоба пилоттық режимде іске қосылған, сондықтан қазіргі уақытта кәсіпкерлер сервисті пайдаланып қана қоймай, оның одан әрі дамуына өз үлесін қоса алады.

Кәсіпкерлерді пилоттық жобаға қатысуға шақырамыз!

https://efinance.gov.kz порталында тіркеліңіз немесе App Store және Google Play платформаларынан E-finance мобильді қосымшасын жүктеп алып, тестілеуге қатысыңыз.

Жобаның командасы ұсыныстар мен ескертулеріңізді elk_support@ecc.kz электрондық поштасы арқылы күтеді.