Кеңес ал!
Бауыржан Шарипов сауда саласында 10 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Болашағын түбегейлі өзгерткен маңызды қадамды сол кезде жасады. Қаладағы базардан шағын сауда орнын жалға алып, сол жерде өзі және отбасы мүшелерімен бірге демалыссыз, күн сайын еңбек етті. Сонымен қатар, ол Қазақстанның түкпір-түкпірін және көршілес республикаларды аралап, сол жақтан сапалы әрі қолжетімді бағамен сатылатын тауарларды (кептірілген жемістер, жаңғақтар, шығыс тәттілері) және басқа да өнімдерді тікелей өзі әкеліп отырды.
Уақыт өте келе оның сауда орны танымал болды. Өңірдің түкпір-түкпірінен тұрғындар арнайы келетін. Олар Бауыржанның тауарлары әрдайым жаңа, дәмді, сапалы және ең бастысы – қолжетімді бағамен сатылатынын жақсы білді.
Әрине, Бауржанның кәсіпкерлік жолы қиындықсыз болған жоқ. Логистика мен жеткізу саласындағы кідірістер мен үзілістер, тасымал құнының өсуі, маусымға тәуелділік, инфляция, сатып алу бағалары мен жалдау ақысының қымбаттауы секілді мәселелер болып тұрды. Алайда бұл қиындықтар оны мойытқан жоқ, керісінше шыңдай түсті. Дәл осы жалдау ақысының өсуі өз ғимаратын сатып алу туралы шешім қабылдауға түрткі болды.
Осы мәселені шешу мақсатында Бауыржан Сақтағанұлы 2025 жылдың соңында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на жүгініп, мемлекеттік қолдауға ие болды. Атап айтқанда, ол «Ішкі сауда субъектілерін қолдау» бағдарламасы аясында несиесін субсидиялап, «1-кепілдік қоры» бағдарламасы аясында Қордың кепілдігін алды.
Қазір тәжірибесі мен білімін ескере отырып, Бауыржан өз кәсібіне тиесілі ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта да ол өңір тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді бағамен тауарлардың кең ассортиментімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
«Көпшілік өз ісін бастау ең оңайы — саудамен айналысу деп ойлайды. Бірақ бұл олай емес. Кез келген істің өз қиындықтары мен жауапкершілігі бар. Ең бастысы — тек пайда табу үшін емес, қоғамға және айналадағы адамдарға пайда әкелу үшін еңбек ету»,-дейді Бауыржан.
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаша хан даңғылы 20/6 үй
+77760041075