Кеңес ал!
RISMI Group компаниясының тарихы оның негізін қалаушы Исмаил Режеповтің кәсіпкерлік жолымен тығыз байланысты. Ол сауда саласынан бастап, Қазақстандағы өз бағыты бойынша жетекші өндірістік кәсіпорындардың бірін құруға дейінгі жолдан өтті.
Исмаил Режепов кәсіпкерлік қызметін 1998 жылы Ресей мен Қытайдан құрылыс материалдарын жеткізуден бастады. Осы кезеңде ол қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін терең зерделеп, дистрибуция саласында мол тәжірибе жинақтады. Бұл тәжірибе тұрақты дамуға тек жеке өндіріс болған жағдайда ғана қол жеткізуге болатынын айқын көрсетті.
Өндірістегі алғашқы қадамдар ең төменгі ресурстармен жасалды: бастапқы жабдық шаруашылық ғимаратта орналастырылған қолмен басқарылатын қарапайым құрылғыдан тұрды.
«Біз жұмысты ауқымнан емес, ең алдымен процесті түсінуден және өнім сапасын қамтамасыз етуден бастадық», — деп атап өтеді Режепов Исмаил.
Келесі кезеңде алғашқы өндірістік желі сатып алынып, маркетингтік зерттеулер жүргізілді, даму стратегиясы қалыптастырылды және жеке зертхана іске қосылды. Бұл өнім сапасын арттыруға және компанияны кеңейтуге негіз қалады.
Компанияның дамуында шешуші рөлді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Қазақстанның Даму банкінің қатысуымен тартылған инвестициялар атқарды.
«“Даму” құралдары бізге саудадан толыққанды өндіріс форматына көшуге мүмкіндік берді», — деп атап көрсетеді Режепов Исмаил.
2019 жылы заманауи өндірістік зауыт пайдалануға берілді. 2020 жылы өндірістік алаңдар 2 000 шаршы метрге, ал 2024 жылы тағы 3 000 шаршы метрге кеңейтілді. Бүгінде RISMI Group өнім ассортименті 100-ден астам атауды қамтиды, ал компания өнімдері Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткізіліп, ТМД елдеріне экспортталады.
Компанияның жеке стратегиялық бағыты ретінде сеновязальды жіп өндірісі дамытылуда. RISMI Group аграрлық секторда жоғары сұранысқа ие, сапалы өнім шығарады.
«Бүгінде біздің сеновязальды жібіміз еліміздің түкпір-түкпіріндегі фермерлерге егін жинау науқанын үзіліссіз өткізуге және өнім сапасына сенімді болуға мүмкіндік беріп отыр», — дейді Режепов Исмаил.
Қазіргі таңда RISMI Group — аэрозоль өнімдері, майлау материалдары және техникалық химия саласындағы отандық жетекші өндірушілердің бірі. Компанияның өз зертханасы, дамыған логистикалық инфрақұрылымы, көпдеңгейлі сапа бақылау жүйесі және 80-нен астам қызметкері бар.
RISMI Group миссиясы — бәсекеге қабілетті отандық өндірісті дамыту және импортқа тәуелділікті азайту. Компанияның стратегиялық мақсаты — Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде техникалық аэрозольдер мен құрылыс химиясы сегментінде жетекші орынға ие болу.
«Rismi Group» ЖШС
Алматы облысы
Тел.: +7 (727) 222-22-60
E-mail: info@rismi.kz
Instagram: rismi_group