menu
Жабу

Кеңес ал!

«Келешек-Тараз»: болашақтың мектебі

31.01.2026

«Келешек-Тараз» ғылыми зияткерлік мектеп-лицейі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жеке кәсіпкер Бақыткүл Имандосова 2020 жылы 19 ақпанда тіркеді. Құрылған күннен бастап мектептің басты мақсаты – балалардың жан-жақты дамуына және өсіп келе жатқан ұрпақтың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға бағытталған заманауи білім беру ортасын құру болды.

Сапалы біліммен қатар оқушылардың дене тәрбиесінің маңызын ескере отырып, мектеп басшылығы өз спорт залын салу туралы шешім қабылдады. Аталған жобаны жүзеге асыру, оқу орнының инфрақұрылымын дамыту үшін несие қаражаты тартылды.

«2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Келешек-Тараз» ЖШС «Даму» қорының қолдауымен субсидиялау құралы бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан жеңілдетілген несие алды. Мемлекеттік қолдау қаржылық жүктемені азайтуға және жоспарланған жобаны сәтті іске асыруға мүмкіндік берді.

Тартылған қаражат есебінен Тараз қаласы, Қолбасшы Қойгелді көшесі, №171 мекенжайында мектептің негізгі ғимаратына жапсарлас заманауи спорт залы салынып, пайдалануға берілді.

Жаңа спорт залы заманауи талаптарға толық сәйкес келеді және дене шынықтыру сабақтарын, спорттық секцияларды, сондай-ақ сауықтыру іс-шараларын өткізуге барлық жағдай жасайды.

Аталған жобаның жүзеге асырылуы «Келешек-Тараз» мектеп-лицейінің дамуындағы маңызды кезеңге айналып, материалдық-техникалық базасын нығайтты және білім беру мекемесінің ата-аналар мен оқушылар үшін тартымдылығын арттырды. Мектеп тарихы білім беру саласындағы әлеуметтік маңызы бар бизнесті дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланудың жарқын үлгісі болып табылады.

Тараз қ., Ыбырайым Сүлейменов көшесі, 24
Телефон: +7 701 801 00 11
Instagram: @keleshek_taraz