Кеңес ал!
«KAISER ENGINEERING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – бастапқы шикізаттан пластик құбырлар мен фитингтер өндіретін отандық кәсіпорын. Компания 2014 жылдан бері Қазақстан нарығында табысты қызмет атқарып келеді.
Кәсіпорын елордадағы құрылыс секторының қарқынды дамуы, соның ішінде EXPO халықаралық көрмесіне дайындық кезеңінде іске қосылды. Сол уақытта нарықта құбыр өнімдеріне сұраныс жоғары болып, жергілікті өндіріс тапшылығы байқалды. Осы жағдай компания құрылтайшыларын жеке өндіріс ашу туралы шешім қабылдауға итермеледі. Бастапқыда кәсіпорында 8 қызметкер жұмыс істеп, өндіріс 3 станокпен жұмыс бастады. Алғашқы инвестиция көлемі шамамен 50 млн теңге болатын.
Қазір «KAISER ENGINEERING» ЖШС Астана қаласында осы бағытта пластик құбырлар өндіретін бірегей кәсіпорындардың бірі. Компания өндіріс қуатын жүйелі түрде кеңейтіп, шикізат сапасына, технологиялық процестерге және өнімнің сенімділігіне ерекше назар аударады.
Соңғы 3–5 жылда кәсіпорын тұрақты дамып келеді: компанияның табысы 4 есеге артты, қызметкерлер саны 8 адамнан 37 адамға дейін көбейді, ал клиенттер саны 2 000-нан асты. Өнімдер Қазақстан бойынша дилерлік желі және ресми сайт арқылы сатылуда, сондай-ақ ТМД елдерінің біріне экспорт жолға қойылған.
Өндірісті одан әрі кеңейту және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында кәсіпорын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұсынатын мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланды. Компания 2025 жылы «ForteBank» АҚ арқылы «Өрлеу» жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы аясында қаржыландыру алып, соңғы қарыз алушы үшін 12,6 % мөлшеріндегі түпкілікті сыйақы мөлшерлемесімен несиеге қол жеткізді. Алынған қаржылай қолдау өндірістік жабдықтарды жаңартуға және шикізат сатып алуға бағытталды.
Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде компания өндіріс көлемін 3 есеге ұлғайтып, қосымша жаңа жұмыс орнын ашты. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның дамуына ғана емес, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына да оң әсерін тигізді.
Алдағы уақытта «KAISER ENGINEERING» ЖШС өнім түрлерін кеңейтіп, өндірістік қуаттарды арттыруды, сондай-ақ ТМД және Еуропа нарығына шығуды жоспарлап отыр. Компания тәжірибесі мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді пайдалану бизнестің тұрақты дамуына, отандық өндірістің нығаюына және бәсекеге қабілеттіліктің артуына мүмкіндік беретінін айқын көрсетеді.
Ақмола облысы. Қосшы қаласы, Республика көшесі 17.
Тел.: +7 707 668 81 85
Инстаграм: @kaiser.engineering