Кеңес ал!
2019 жылы Құндызай Ерғалиқызы логопед-дефектолог ретінде жұмыс бастаған. Бүгінде жеке кәсіпкер ретінде ашқан «Өркен түзете-дамыту орталығы» өңірде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және дамыту саласындағы ең сұранысқа ие әрі табысты білім беру орталықтарының бірі болып саналады.
Оқушылар санының артуы, оқу орындарындағы орын тапшылығы, сондай-ақ ата-аналардың ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алу сапасына және олардың қоғамда өмір сүруге қажетті негізгі дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдістемелер мен қызметтерге деген талаптарының өсуі жағдайында ол «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-на жүгінді. Жобаның негізгі мақсаты — даму ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға бағытталған заманауи түзете-дамыту орталығын құру болды. Жоба балаларға жеке тәсіл қолдануды, тәжірибелі мамандардың кәсіби сабақтарын және қауіпсіз әрі қолайлы дамытушы ортаны қалыптастыруды көздеді.
«Өркен түзете-дамыту орталығы» — Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында жүзеге асырылған заманауи жеке білім беру жобасы. Орталықтың қызметі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Мұнда аутизм, Даун синдромы, балалар церебралды сал ауруы және басқа да даму ерекшеліктері бар балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуіне арналған қызметтер көрсетіледі. Орталықта логопед-дефектолог, психолог, бейімделген дене шынықтыру (АФК) және сенсорлық интеграция (СИ) мамандарының, сондай-ақ ерте даму бағытындағы қызметтері ұсынылады. Сабақтар топтық және жеке форматта өткізіледі.
Жобаны іске асыру қомақты инвестицияларды талап етті — жалпы несие көлемі 45 млн теңгені құрады. Бастапқы кезеңде жылдық 20,25 % мөлшеріндегі жоғары пайыздық мөлшерлеме жобаны жүзеге асыруды қиындатқанымен, «Даму» қорының қолдауы нәтижесінде пайыздық мөлшерлеме 9 %-ға дейін төмендетілді. Бұл қаржылық жүктемені азайтып, заманауи форматтағы балаларды дамыту орталығын құруға қосымша қаражат бағыттауға мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда «Өркен түзете-дамыту орталығы» — өңірлік деңгейде тұрақты дамып келе жатқан, бәсекеге қабілетті білім беру мекемесі. Жобаны жүзеге асыру Жезқазған қаласының білім беру инфрақұрылымын дамытуға, жұмыс орындарын құруға және сақтауға, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін сапалы білім беру қызметтерінің қолжетімділігін кеңейтуге елеулі әлеуметтік-экономикалық әсерін тигізді.
Ұлытау облысы, Жезказган қаласы, Анаркулова 17 к-сі;
Instagram: @orken_zhez
Байланыс нөмірі: +77080518323