Қызылордалық кәсіпкер Рсалиев Бекболат Мақсұтұлы 1998 жылдан бері ірі қара мал өсіріп, етін сатуды кәсіп қылып келеді. Бұл – әкеден балаға ауысқан отбасылық бизнес. Қазір де бұл салаға сұраныс мол. Осыны ерте ұққан Бекболат ата кәсіптің бір пұшпағын илеуден айныған емес.
Істің көзін тауып, ынтымағы жарасқан бір үйдің екі баласы алғашында бір қасапхананы пайдаланатын. Қора да ортақ еді. Ет көтерме бағамен ет дүкендеріне, сондай-ақ қала базарлары арқылы сатылатын. Сауда көлемі ұлғайып, сатып алушылар көбейген сайын оған жеке сиыр қора мен қасапхана салу қажет бола бастады. Осылайша кәсіпкер несие алып, сиыр қора, мал бордақылау орны және қасапханаға жарамды ғимарат сатып алуға бел буды.
Бұл идеясын жүзеге асыру үшін ол «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие алды. Жобаны «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидиялап, соның арқасында кәсіпкер қарызын жылына 8% мөлшерлемемен ғана төлейді.
Тел: 8 701 338 56 68, бухгалтер 8 771 544 45 45
Инстаграмм: @KZO.ET