Кеңес ал!

28.08.2020

Қазір табысты жандар дене сымбатына басты назар аударады. Бірақ жаттығуды дұрыс жасай білу де керек. Қазір Фитнес деген сөзді білмейтін адам жоқ. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Константин Алексеевич - бір кездегі атақты спортшы, қазір РИДК спорт фитнес-клубының иесі.

373b4020-c30a-496e-869b-e71b849f3f01.jpg

Фитнес-клуб 2006 жылы ашылды. Басында ол табыс көзінен гөрі жан қалауымен әуестік болды. Уақыт өте келе, басқарушылық қасиеттерінің арқасында клуб қалада танымал бола бастады.

7721ca06-5f4e-49b6-bc67-db2a634a2517.jpg


Клубтың қаланың тығыз қоныстанған шағын аудандарының бірінде орналасуы, қол жетімдігі және қолайлы бағалар тұрғындар арасындағы сұраныстың өсуі мен табыс динамикасына оң әсер етті. Клубтың артықшылықтары - фитнес, секіру, қадамдық аэробика және т.б. сияқты жаңа фитнес алаңдарын енгізгенінде. Клубта жаңа клиенттерге клуб қызметін ұсынумен айналысатын сату бөлімі бар.

Бизнесті жаңғыртып, құралдар сатып алу үшін фитнес-клуб иесі «Даму» қорының Ақтөбе облыстық филиалына жүгінді. Жобаға «Еңбек» бағдарламасы аясында 6%-дық жеңіл несиені «Сбербанк» АҚ ЕБ берді.